Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үлеспұлдық Қор"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Үлеспұлдық Қор

1) азаматтық құқықта — өндірістік кооперативтің немесе тұтынушылар кооперативінің осы кооперативке мүшелердің үлеспұлдық жарналарынан құралатын қаржылық қоры. Ол кооператив несиегерлерінің мүдделеріне кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төм. мөлшерін айқындайды. Үлеспұлдық қор мөлшері — кооператив мүшелерінің ақшалай үлеспұлдарының сомасына байланысты. Үлеспұлдық қордың құралуы, оның мөлшерінің көбею және азаю тәртібі, осы аядағы басқа да қатынастардың тәртібі белгілі кооператив түрлері үшін тиісті заңнамалармен, кооперативтердің басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен және жарғыларымен реттеледі;

2) кері сатып алынатын бағалы қағаздар шығару нысанында ұсақ инвесторлардың қаражатын шоғырландыруға мамандандырылған инвестиц. қор. Үлеспұлдық қор ашық және аралық тұрпаттарға бөлінеді. Үлеспұлдық қор ашық тұрпатта болса, онда басқарушы компания өзі шығарған инвестиц. үлеспұлды инвестордың талап етуімен қор ережелерінде белгіленген мерзімде сатып алуға міндеттенеді. Аралық қорда инвестиц. үлеспұл инвестордың талап етуімен ережеде белгіленген мерзімде, бірақ әрі кеткенде жылына бір рет сатып алынады. Үлеспұлдық қор банкілердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметі шектелген және банкілер мен Үлеспұлдық қор арасында тікелей бәсеке жоқ жерлерде кеңінен таралған. Мысалы, АҚШ-та инвестиц. банкілер жеке адамдармен жұмыс істемейді, ал басқа банкілер бағалы қағаздар нарығында тікелей жұмыс істей алмайды.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}