Үлеспұлдық Жарна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлеспұлдық Жарна, азаматтық құқықта — түрлі кооперативтердің мүшелері үлеспұлдық қорға енгізетін мүліктік жарна. Үлеспұлдық жарнаны кооператив мүшелері кооперативті құру және оның қызметі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету мақсатымен жинайды. Үлеспұлдық жарнаның құрамы және оны кооператив мүшелерінің жинау тәртібі, олардың осы жарнаны төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі ӨК-нің де, тұтынушылар кооперативінің де жарғыларында міндетті түрде айқындалады. Үлеспұлдық жарна үлеспұлдық қорға заңнамада және тиісті кооперативтің жарғысында көзделген нысанда төленеді. Ол ақшалай сома нысанында да, кооперативке материалдық объектілерді (құрал-жабдық, тетіктер, үймереттер, т.б.) немесе мүліктік құқықтарды (табиғат ресурстарын пайдалану құқығын, үй-жайды жалға беру құқығын) беру жолымен де төленуі мүмкін.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}