Үлгенбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгенбай - қазақтың белгілі әнші - композиторы, ақын. ХІХ ғасырдың 30-90 жылдары өмір сүрген. Прогресшіл көзқарастағы ақын өзінің әндерінде халқына деген сүйіспеншілігін айқын көрсетіп, оның тағдырын, болашағын жырлады. Қайғы мен қасірет шеккен қазақ халқына ертең бақытты, шаттық өмірге, қуанышты күндерге жетесіңдер деп үн қатты. Орыстың этнографы Александр Ивановский "Русские ведомости" газетінде жарияланған "Қырғыз (қазақ) әншісі Үлгенбайдың қазасы" деген мақаласында оның асқақ дауысты әншілігін, өнерін аса жоғары бағалаған.<ref>ҚСЭ энциклопедиясы, 1977</ref>

Дереккөздер

<references/>