Құбылай хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox royalty

Құбылай (Үлгі:Lang-zh23 қыркүйек 1215<ref>Үлгі:Cite book</ref> — 18 ақпан 1294<ref>Үлгі:Cite book</ref>) – Шыңғыс ханның немересі, Қытайдағы Юань империясының негізін қалаушы. 1260 жылы Құбылай Шыңғыс хан империясының ұлығ ханы болып сайланды. 1271 жылдан бастап қытай деректерінде Юань империясы, ал Құбылайдың ұрпақтары Юань әулеті деп аталды.

Арық Бұға мен Құбылай

Шыңғыс хан империясының Ұлы ханы Мөңке өлгеннен кейін ел бірлігі бұзылады. Билік үшін күреске ханның інілері құбылай мен Арық Бұға таласады. «Жасақ» заңына сәйкес, хан сайлау үшін барлық қолбасшылар мен ханзадалар атамекені – Моңғолия жерінде құрылтайда бас қосуы тиіс еді. Бұл заңды Құбылай бұзады. Ол Қытайдағы жаңа моңғол қаласы Шандуде жақтастарын жинап, өзін «хан» деп жариялайды. Оған 1260 жылы өткен Қарақорымдағы құрылтайда моңғол ақсүйектеріұлы хан сайлаған Төленің кіші ұлы Арық Бұға қарсы шығады. Империя екі жауласушы жаққа бөлінеді. Құбылайдың тәжірибелі жауынгерлері Арық Бұға әскерін тез арада талқандап, Қарақорымды басып алады. Бұдан кейін Құбылайға қарсы тұрар мықты ешкім шықпады. Империя біртұтас болудан қалды. Бұрынғы моңғол ұлыстары тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Жошы, Шағатай, Үгедей ұрпақтары империяның батыс бөлігін өзара бөліп алды. Иран жерінде Хулагу мен оның ұрпақтары билік құрды. Құбылай кішірейген астанасын Қарақорымнан Ханбалыққа (Пекинге) ауыстырып, өз империясын қытайша Юань деп атады. Оның ұрпақтары Қытайда Мин династиясынан жеңіліп, қуылғанға дейін жүз жыл билік етті. Осылайша Ұлы империя ыдырады. Оның ұлан-ғайыр жерінде көптеген жаңа мемлекеттер құрылды.

Әйелдері мен балалары

Құбылайдың 4 ордасы (орду) болған, әр қайсысын үлкен әйелі басқарған, оған басқа кіші әйелдері мен күңдері бағынған.

  • Тегулун (Те-гу-лунь) — бірінші үлкен әйелі, 1260 ж. д. қайтсы болған
  • Чаби — екінші үлкен әйелі 1239 ж., 4 ұл және 5 қыз туған, 1281 ж. қ. б.
    • Дорджи — 1-ші ұлы, 1240 ж. т., нәресте кезінде шетінеген.
    • Чинким (Чжэнь-цзинь (қыт. «Сап алтын»)) — 2-ші ұл, тақ мұрагері, императорлық хатшылықтың басшысы, белгісіз аурудан 1285 ж. қ.б., император Темірдің (Чэн-цзуна) әкесі және Гаммала Цзинь-ванасы(мемлекет князі)
    • Мангала — 3-ші ұл, Аньси князі (Шаньси пров.), 1280 ж. қ.б.
    • Номухан — 4-ші ұл, 1266 г. Бэйпин-ван (Солтүстік Тыныштықтың князі), 1271 ж. Алмалықтағы әскердің бас қолбасшысы, 1276—1284 жж. Алтын Орданың тұтқынында болға, 05.1284 ж. Солтүстік Қытай шекарасы жөніндегі Департаменттің басшысы және Бэйань князі, 1292 ж. қ.б.
    • Мяоянь — ханшайым, Таньчжэсы монастырына кеткен (Бат. Пекин).
    • Ху-ду-лу Цзе-ли-ми-ши — ханшайым, 1273 ж. Корея королі Ван Чунның әйелі.
  • Тарахан — үлкен әйелі.
  • Баягуджин — үлкен әйелі.
  • Намби — үлкен әйелі 1281 ж., Чабидің туысы, 1 ұл туған.
  • ? — басқа әйелдерінен 7 ұлы болған
    • Туган (Тогон) — Чжэньнан князі, 1285—1288 жж. Чампуге (Вьетнам) жасалған екінші сәтсіз жорықты басқарған, кейін Янчжоуға жіберілген.
    • Кокочу — 1276—1284 жж. Алтын Ордада Номуханмен бірге тұтқында болған.
    • Угэчи — ханзада
    • Миклукан — ханзада
    • Кутлук-Тимур — ханзада
    • Куридай — ханзада
    • Аячи — ханзада

Дереккөздер

<ref>Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы</ref> <references/>