Қырғыз тілі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тілдер Қырғыз тілі (қырғ. кыргыз тили, قىرعىز تئلى) — Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі, түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қырғыз тілінде 5,1 млн. адам сөйлейді. Олардың басым көпшілігі Қырғыз Республикасында тұрады. КСРО-да 1928 жылға дейін және ҚХР-да бүгінге дейін араб жазуын қолданады. Қазіргі жазуы кириллицаға негізделген.
Қырғыз тілі көпшілігі Қырғызстан, қалғаны Өзбекстанда, Тәжікстанда т. б. аймақтарда түратын қырғыз халқының ұлттық әдеби, мемлекеттік тілі. ҚХР-да 160 мың, Ауғанстанда 20 мың қырғыз бар. Қырғыздардың бүкіл әлемдік жиынтық саны — 2 900 мыңдай. Қырғыз тілі езінің даму барысында 3 дәуірді көне қырғыз (VІІІ-ІХ ғ.), орта қырғыз (Х-ХV ғ.) және жаңа қырғыз (ХV ғасырдан кейін) дәуірлерін басынан еткізді. Ол 3 диалектіге солтүстік, оңтүстікшығыс, оңтүстік-батыс диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі солтүстік диалектісі негізінде қалыптасқан.