Қырғауыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:28, 2016 ж. қарашаның 4 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox Қырғауыл (Үлгі:Lang-la) <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдасына жататын құс.

Биололгиялық сипаты

  • Салмағы 1700 г-дай.
  • Құйрығы ұзын, қоразының тілерсегінде өткір мүйіз өсіндісі бар. Мекиені қоразынан үлкен.
  • Қоразының арқасы сарғыш, бауыры сары қызыл, мекиенінің арқасы қоңыр сары, бауыры қызыл қоңыр.

Көбеюі

Қырғауыл - отырықшы құс. Ұясын ну қамыстың, қалың бұтаның арасына жерге салады. Сәуір-мамыр айларында 7-18 жұмыртқа салып, 21-27 күнде балапан басып шығарады. Балапандары жұмыртқадан жетіліп шығады, мамығы кепкен соң жемін өзі аулайды.

Қоректенуі

Қырғауыл өсімдіктің жеміс-жидегімен, жуашық, түйнегімен қоректенеді. Аяғы мықты, топырақты қазып, арасындағы жәндіктерді, олардың дернәсілдерін жейді.

Таралу аймағы

Қырғауыл Еуропа, Азия құрлықтарында, Қытай, Жапонияда тараған. Қазақстанда Жетісу аймағында, Сырдария аңғары, Қызылқұм құмды алабында, Талас Алатауында кездесетін бір түрі бар.

Кәсіптік маңызы

Сақа және жасы 1 жылдан асқан жас қырғауылдарға аңшылық жүргізіледі.
Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады.<ref>Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6</ref>
Қырғауылды қорғау, санын көбейту және оның Оңтүстік Қазақстанның, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аудандарының әр түрлі ландшафтық жағдайларына бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында Қарғалы қорықшасы құрылған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер