Қыз алып қашу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыз алып қашу - үйлену ғұрпының бір түрі.

Дәстүрлі қазақ қоғамында кейде жол-жоралғы жасап, қалың мал беруге шамасы келмейтін жігіттің ұнатқан қызын өзара келісімнен кейін алып қашуы орын алған. Екі жастың ата-аналары арасында келісім болмаған және қызды өз еркінен тыс алып қашқан жағдайда жігіт жағы ара ағайын мен билер кеңесінің шешімі бойынша айып төлеуге тиіс болды. Алайда екі жақ өзара келісе алмай Қыз алып қашудың соңы үлкен жанжалға ұласатын кездер аз болмаған. Сондықтан қазақ қоғамы “Жер дауы мен жесір дауына” жол бермей, ел арасының ынтымағы мен тыныштығын сақтауға ұмтылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Кейбір жігіттер өз сүйген қызын алып қашады. Тарихтан белгілі болғандай, Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашып қосылған. Қыз алып қашудың түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамай, зорлықпен алып қашады.

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қыз алып қашу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}