Қызылқұм ойысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:35, 2016 ж. қарашаның 4 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына

Қызылқұм ойысыҚазақстан мен Өзбекстан елдері аумағында, Тұран плитасының Қызылқұмдағы жеке геологиялық құрылымы. Оңтүгінде Нұратау, Тамдытау, Жетімтау, Бұққантау қыраттарымен, оңтүк-шығысында Шатқал-Қорама тау алды өңірімен, солтік-шығысында Қаратау баурайымен ұласады. Солтүгінде Торғай ойысынан Орталық Қызылқұм күмбезі арқылы бөлінген. Тектоникалық құрылымы жағынан Қызылқұм ойысы 3 құрылымдық ярустан тұрады. 1-ярус саналатын ойыс табанын (500 — 3000 м тереңдікте) геосинклиналдық жағдайда жаралып, қатпарлықтарға жиырылған, бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық-шөгінді жыныстары құрайды. Опырықтар мен қазаншұңқырларды толтырған 2-ярус баяу қатпарланған пермь-триас шөгінділерінен түзілген. 3-құрылымдық ярус (қалыңдығы 500 — 2000 м) юра-бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. 2- және 3-құрылыстық ярус жыныстары ойыстың палеозойлық табанының құрылымын жаңартып, оларды өте жайпақ белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл — Шардара, Төртқұдық — Қызылқора, т.б.), бірнеше науаларға (Жауқаш, Арыс, Келес) бөлген. Айналасындағы палеозой құрылымдарымен салыстыру негізінде ойыстың шеттерінде алтын, темір, мыс, қорғасын-мырыш кендері, юра-бор қабаттарында мұнай-газ көздері болуы ықтимал деп жорамалданады. Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Kz-geo-stub