Қонақкәде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қонақкәде — көңілді отырудың, үй иесінің, сонымен бірге қонақтың риясыз көңілін білдіретін белгі. Үй иесінің қонағына қонақкәде айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл “өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз” дегенді білдіреді. Екіншіден, бұрынғы адамдар жастарды өлең айтуға, айтысқа, шешендікке, домбыра үйренуге ерте баулыған. Олардың “сегіз қырлы, бір сырлы” өнерпаз болып өсуіне қолдау көрсетіп отырған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай болып қалыптасқан.<ref>Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

[1]