Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қолүздік"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:37, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Мал сойысқанда, кілем тоқу, текемет басу, іс тігу сияқты қолмен атқарылатын жұмыстарға ауылдың қолы шебер еркек-әйелдері тікелей араласып, қол ұшын береді, жәрдемдеседі. Іс аяқталған соң отанасы осы жұмысқа қатысқандарға "қолүздік" деп аталатын кәде береді. Яғни атқарылған істен артық қалған ине-жіп, жүн-жұрқа, түбіт, тарамыс тағы басқа ұсақ-түйектер үлестіріледі немесе басқа да заттар береді. Бұл да ұлттық жарасымды кәде және ол әркімнің еңбегін бағалаудың қарапайым белгісі.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.