Қойтастар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:30, 2017 ж. наурыздың 29 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Қойтастар.jpg
Тау суынан жұмырланған гранитті қойтастар

Қойтастар — мұздықтардың және тасқын судың тасымалдау әсерінен тегістеле жұмырланған ірі тау жыныстарының сынықтары немесе жақпарлары.

Түрлері

Пайда болуына байланысты қойтастар мұздықтық, делювийлі, пролювийлі және аллювийлі деп бөлінеді.

Сипаты

Көлемдері әр түрлі, көлденеңі 50 см-ден асқандары ірі қойтастар қатарына жатады. Қойтастар көлемінен басқа құрылымы, түсі және түзілген жынысына да байланысты ерекшеленеді. Құрамы көбінде кварц, гранит және құмнан тұрады. Түстері жасыл, ақ, қызғылт, сонымен қатар қара жолақты болуы мүмкін. Пішіні де қалыптасу барысы мен құрамына байланысты болады. Мұздықтардан пайда болған қойтастар түзілген жынысына қарамастан жиектері біркелкі болмай, үсті майысқан, шұңқырлы болып келеді. Тау суындағы қойтастардың пішіні түзілген жынысына байланысты әр түрлі - құрамы гранитті жыныстан тұратындары біртіндеп үгітіліп біртегіс жұмырланады, ал метаморфтық жыныстар кесектерге опырылып, пішіні ақауланып, әр түрлі болып қырланады. Пішінге, сонымен қатар суда жату ұзақтығы да әсер етеді, аралас және шөгінді жыныстардан тұратын қойтастар ғажайып пішінге ие болады.

Шаруашылықтағы маңызы

Қойтастар құрылыста кеңінен пайдаланылады: құрылыстың іргетасын көтеруге, ғимарттың сыртқы және ішкі қабырғаларын қаптауға, жер құламасын бекітуге, бөген салуға, сонымен қатар ұсақталған қиыршық тастар алынады. Алаңдарды, жүзу бассейнін, тоған жиегін, бақша және т.б. ландшафтарды әрлендіруге және саябақ, гүлзарларға және т.б. көрікті жерлерге декорация жасауға да қолданылады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер