Қауымдастық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қауымдастық (Үлгі:Lang-la - құрама) - бірлестік, одақ; ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін (мысалы, пайда үлесін, салынған капиталға дивиденд алу үшін), сондай-ақ саяси, ғылыми, мәдени немесе өзгедей мақсаттарға жету үшін ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің) немесе жеке тұлғалардың шарт негізінде бірігуі; нақты шекаралар, тұрғылықты жерлер немесе территориялар ішінде әрекет ететін әлеуметтік байланыстар жиынтығы. Термин кең таралған мағынада да, академиялық тұрғыдан да бейнелеуші және алғышарттық сипатка ие болады. Ол географиялық анықталған облыстар немесе аудандардағы, немесе жеке емес, абстрактылы, идеологиялық аумақтардағы әлеуметтік байланыстарға да жатуы мүмкін.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Халық шаруашылығының бір немесе бірнеше саласының кәсіпорындары жұмыс істеп тұрған қауымдастықтардың құрамына дербес кіре алады немесе жаңа қауымдастықтар — өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және қатысушыларға (Қауымдастық субъектілеріне) қызмет жасау, өндірісті дамытуға және әлеуметтік салаға бірлескен күрделі қаржы жұмсау, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар жүргізу, жабдықтау мен өткізуді, сыртқы экономикалық қызмет пен басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыру жөніндегі ерікті бірлестіктер құра алады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Бір немесе бірнеше өндірістік-шаруашылық қызметтерді бірігіп жүзеге асыру мақсатында құрылған кәсіпорындардың шарттық бірігуі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub

de:Assoziation