Қасым Әуезов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қасым Әуезов (1897, қазіргі Қарақалпақстан, Шымбай ауданы, «Кеңес» с-зы — 13 қазан, 1938, Ташкент) — қарақалпақ ақыны, драматург, сыншы, қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
- Кедей шаруа семьясында туған. Ауыл мектебінде және Мақтым ақын медресесінде бiлiм алған.
- 1920 жылдан ауылды советтендiру және жаңа қоғам орнату ісіне белсене қатысты.
- 1921 жылдан бастап Шымбайда мектеп оқытушысы, директоры, округтық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қарақалпақ автономомиялық облысының халық ағарту халкомы,
- 1925 — 29 жылдары Қарақалпақстан ОАК-нің төрағасы
- 1929 — 30 жылдары Қазақстан ОАК-і төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР ішкі істер халкомы.
- 1930 — 31 жылдары Қарақалпақстанның РКФСР ОАК-дегі тұрақты өкілі
- 1932 — 34 жылдары Қарақалпақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
- 1937 жылдары Қарақалпақ АКСР Халком Кеңесі жанындағы өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
- 1938 —Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Шығармалары
- Тұңғыш қарақалпақ пьесасы — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған “Мақсат жолында” драмасын жазған.
- «Ульянов-Ленин»
- «Қайта сайлауда» т. б. өлеңдерi.
- “Шахта” поэмасы
- “Еңбек”
- “Көктем келді”
- “Намыс құлы”
- “Күн” т.б. шығармалары қарақалпақ әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады.
- Пушкин, Мольер т.б. шығармаларын қарақалпақ тіліне аударды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref><ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>