Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ҚР Министр Кабинетінің 1993 жылы 21 мамырдағы №426-қаулысына сәйкес Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (қазіргі Қазақ экономикалық университеті) жанынан Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институты (ҚБМ ҒЗИ) құрылды. Қаржы-несие жүйесі жұмыстарын анықтап зерттейтін бірден-бір мамандырылған ғыл. мекеме болып табылатын институт негізінен ақша-несие, валюта-қаржы және банкі мәселелері жөнінде қолданбалы зерттеулер жүргізеді. ҚБМ ҒЗИ құрылғаннан бері 30-ға тарта ғылыми еңбектерді, олардың ішінде ҚР Білім және ғылыми министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 18 түбегейлі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғыл. нәтижелерін тиісті ұйымдарға ұсынды. Институтта макроэкономикалық және өңірлік деңгейде қаржылық ағымды басқару жөнінде, сондай-ақ бірқатар елдердегі қаржы дағдарысының ерекшеліктері мен себептерін анықтауда да кешенді зерттеулер жүргізілді. ҚР ақша-қаржы жүйесінің жаһанданудағы әлем экономикасына икемделуінің заңдылығы зерттеліп, ин-т өз тарапынан оның болашақтағы үлгісін жасады. Институт «Финансово-кредитные проблемы развития экономики» (1995), 3 бөлімнен тұратын халықар. ғыл. симпозиум материалын («Национальная экономика в условиях глобализации», 2005) және акад. О.Баймұратовтың 7 томдық (2005–2007) кітаптарын, оқу құралдарын («Қазақстан қаржы нарығы», «Финансовый менеджмент», т.б.) шығарды. Институттың ғыл. қызметкерлері күшімен 150-ден астам. ғылыми еңбектер жарияланды. Институт АҚШ, Жапония, Ресей және басқа елдердің белгілі ғалымдарының қатысуымен «Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономика» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізді. Институт ұжымының ғылыми қызметкерлері ТМД елдерінің, Таяу және алыс шет ел (Ресей, Қытай, Үндістан) ғалымдарымен халықараралық байланыста жұмыс істейді және халықаралық, республика ғылыми-практикалық конференцияларға, жыл сайын Қазақ экономикалық университетінде өткізілетін Т.Рысқұлов оқуларына да белсенді түрде қатысады. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан ғылымы дамуының негізгі межелері елеулі өзгерістер мен оқиғаларға толы болды. Бұл кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғылыми шығармалары процесті басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу, ғалымдар іс-әрекетіне қолайлы жағдай туғызу, ғылыми мамандардың жаңа буынын даярлау, ғылым мен бизнесті ұштастыру, білім мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесін іздестіруімен сипатталады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}