Қазақ ғылыми-зерттеу институттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ғылыми-зерттеу иституттары және академиялары

Мазмұны

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесі салаларында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған зерттеулерді жүргізетін мекеме.<ref name="source1">Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты</ref>. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағында. Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу инститтының Қазақ бөлімшесі болып 1958 жылыЦелиноград (қазіргі Астана) қаласында құрылған. 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығына қарасты мемлекеттік еншілес кәсіпорын. Құрамында: элеватор кәсіпорнының техникасы мен технологиясы, астық кептіру техникасы мен технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы, астық және астық өнімдерінің сапасы, астық және астық өнімдерінің микробиологиясы лабораториялары; өндіріске енгізу, маркетинг және патенттік іздеу секторы; жобалау-тәжірибелік базасы болды (2003). Институттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру. Негізгі ғылыми бағыттары: жиналған астықты өңдеу, ұқсату техникасы мен технологиясын және астық сапасын бағалауды жетілдіру, астық өңдеуге қажетті арнаулы жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, қолданылып жүрген жабдықтарды жетілдіру; шағын қуатты диірмендер жасау; Қазақстанда өсірілетін астықтың сапасын зерттеу, оның технол. және тағамдық қасиеттерін бағалау; өсімдік шаруашылығының диверсификациясына (өзгеруіне) орай, республика аймақтарының нақты жағдайларына бейімдеп, астық дақылдарын қайта өңдеу технологиясын жасаудың теориялық негіздерін әзірлеу; астық және оның өнімдерін микроорганизмдермен (олардың метаболиттерімен) араласуын (контаминация) анықтау бойынша экспресс тәсілдерді жасау және негізгі дақылдардың дәндері мен оның өнімдерін микробиологиялық ластанудан сақтандыру және микротоксиндерді залалсыздандыру; биотехнология үшін маңызды микроорганизмдер штаммдарының бірегей коллекциясын жиыстырып, оларды сақтау тәсілдерін әзірлеу. Институт бір технологиялық Оралым барысында кез келген дәрежедегі астық дәнін кептіріп әрі оны өзге қоспалардан тазартып шығаратын «Целинная» дән кептіргішін жасады. Оның 40-тан астам түрлері республиканың кәсіпорындарында өндіріске енгізілді. Астық қоймаларында атқарылатын жұмыстарды кешенді механикаландыру мақсатында аэрогравитациялық және аэродинамик. құрылғылардың сериясы әзірленіп, іске қосылды. Астық дәніндегі белоктық затты (клейковина) ажыратуға арналған МОК-1 және МОК-2 құралдары, астық сапасын бағалауға арналған отандық инфрақызыл сәулелік талдағыш жасалды.

Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – республиканың астық өндіретін аудандарында дәнді дақылдар егу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме.Ол егістіктердегі топырақ қорғау жүйесін жасау ісіне басшылық етеді. Қазақстан Республикасы Астық шаруашылығының министрлігінің қарамағында. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысындағы Шортанды астық шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде 1956 жылы құрылған. 1961–92 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1992–2002 жылдары Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1998 жылдан институттың құрамына Көкшетау бөлімшесі (бұрынғы Көкшетау астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) беріліп, 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамына енді. Институт құрамына: егіншілік (ауыспалы егіс, танапты дақылдар агротехникасы және өсімдік өсіру диверсификациясы, топырақ өңдеу, дақылдарды өсіру технологиясын модельдеу, өсімдік қорғаудың химиялық және агротехникалық әдістері лабораторияларын біріктіреді), агрохимия; топырақ құнарлылығы және топырақты химиялық талдау (топырақ химиясы, топырақ құнарлылығы лабораториялары), жемшөп өндіру (шалғындық жемшөп және мал азығын егістікте өндіру лабораториялары), механикаландыру (топырақ өңдеу және тұқым себу машиналары, жиналған астықты өңдеу, тұқым өсіру және сұрыптауды механикаландыру лабораториялары) және агроландшафттық технология бөлімдері бар. Институттың селекциялық орталық құрамына жұмсақ бидай, қатты бидай мен жемдік дақылдар селекциялары, тұқым шаруашылығы бөлімдері кіреді. Институттың құрамында бұдан басқа дербес бөлімдер: дәрілік өсімдіктерді егіп өсіру технологиясы мен интродукциясы, өсімдіктер биохимиясы және астық шаруашылығының экономикасы лабораториялары, тұқымның технол. сапасын бағалау тобы бар. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: егіншіліктің аймақтық (Солтүстік және Орталық Қазақстан агроландшафттарының) топырақ қорғау жүйесін жетілдіру; топырақ құнарлылығын арттыру; дәнді және жемшөп дақылдарын өсіру жұмысын механикаландыру; жемшөп дақылдары мен дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін интродукциялау; орманды-далалық, далалық және құрғақшылық аймақтарға арнап дәнді, бұршақты, жармалық, майлы және жемшөп дақылдарының жаңа, өнімді мол беретін сорттарын шығару. Институтта егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін жасап, өндіріске енгізгені үшін 1972 жылы академик А.И.Бараев бастаған бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді. 1988 жылы эрозияға қарсы машиналар кешенін жасағаны және өндіріске енгізгені үшін инженерлер мен ғалымдар тобына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлес қосқан ғалымдар: Бараев, Э.Ф.Госсен, В.П.Кузьмин, М.Қ.Сүлейменов, т.б. Институт ғалымдары Ресейдің бірнеше ғылыми орталықтарымен, Калифорния – Дэвис (АҚШ), Токио және Киото (Жапония) университеттерімен бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1967).

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты – ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін бас мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1948 жылы Алматы қаласында құрылған. 1978 жылы қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік з-т беріліп, Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 жылдан Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталықтарының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт құрамында: ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру, қой шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру, мал фермаларын жобалау, жемшөп дайындау жұмыстарын механикаландыру, ауыл шаруашылғында электр қуатын пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуді механикаландыру, табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану, ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу, ауыл шаруашылғы машиналарын сынақтан өткізу лабораториялары және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех, сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік з-т, Ақмола облысы Ақкөл қалаларында бөлімшесі бар. 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыты – ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіруде жаңа технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту. Институтта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды. Дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың технологиялары ұсынылды. Жер өңдеу механикасының теориялық негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақ КСР-інің «Алтын кітабына» жазылған (1976). Институт мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәлік, Қазақстан Республикасының 32 патенті берілді. Институт ғалымдарының 30-ға жуық ғылыми басылымы, 50-ден астам ұсынысы, ауыл шаруашылғын механикаландыру және электрлендіруге арналған 22 ғылыми жинағы жарық көрді. Институтта академиктер М.Р.Алшынбаев, В.А.Голиков, А.П.Грибановский, Л.Сейітбеков, т.б. ғалымдар жұмыс істеді.

Қазақ бассәулет-құрылыс академиясы

Қазақ бассәулет-құрылыс академиясыжоғары оқу орны. Құрылыс инженері мен сәулет өнері мамандарын, салалық ғылым магистрларын даярлайды. 1980 жылы Қазақ политехникалық институтының және Бүкілодақтық сырттай оқытатын инженерлік-құрылыс институтының сәулетшілік және инженерлік-құрылыс факультеттерінің негізінде Алматы сәулетшілік-құрылыс институты болып құрылған. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы болып өзгертілді. 2001 жылдан қазіргі атымен аталады. Академияның сәулетшілік, құрылыс, инженерлік-экологиялық, технологиялық, экономиялық факультеттері бар. Академияда 12 ғылыми доктор, 49 проффессор, 16 ғылыми кандидат, ҚР Ұлттық ғылым академиясының 5 академигі мен корреспондент мүшесі қызмет істейді. Тиісті құралдармен, жабдықтармен, қондырғылармен жабдықталған арнаулы ғылыми-өндірістік кешені, жалпы көлемі 31 мың шаршы метрді құрайтын оқу-тәжірибелік ұстаханалары бар.

Қазақ білім академиясы

Қазақ білім академиясы, Ы.Алтынсарин атындағы – республикалық ғылыми-педгогика және ғылыми-әдістемелік мекеме. 1998 жылы 24 наурызда құрылған. 20 ғасырдың 30-жылдарының басында «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» туралы Заң қабылданып, Қазақстан мектептерінде пәндік оқу жүйесіне көшу басталды. Оқу бағдарламаларын жасау үшін білім беру, тәрбие мәселелерін жетілдіру ісімен айналысатын арнайы ғылыми-әдістемелік орталығы қажет болды. Сөйтіп, 1933 жылы қаңтарда Республикалық Халық ағарту комиссариаты жанынан Педагогика ғылыми-зерттеу институты құрылды. Алғаш оның құрамында не бары 3 сектор (бағдарламалық-әдістемелік, педагогикалық, политехникалық) болды. Арнайы бағдарламалар жасалып, қазақ тілінде оқулықтар жазу ісіне Ш.Әлжан, І.Кеңесбай, С.Балаубай, І.Жансүгір, М.Әуез, М.Қалыбай, С.Аспандияр, т.б. ат салысты. Оқулықтармен бірге әдістемелік құралдар даярлау ісі қатар жүргізілді. 1938 жылдың аяғында институт Мектептер институты болып өзгерді. Институтта Е.Бекмаханұлы, С.Жиенбай, Ш.Кәрібаай, [Раиса Григорьевна Лемберг|Р.Лемберг]],Н.Сауранбай сияқты белгілі ғалымдар еңбек етті. Халық ағарту комиссариаты мен институт ғалымдарының белсене араласуымен 1940 жылға дейінгі 5–6 жыл ішінде ұлт мектептері төл және аударма оқулықтар кешенімен толық қамтамасыз етілді. Жиенбаевтың «Орыс мектептерінің 6–8-сыныптарына арналған қазақ тілі» (1932–37), Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» («Синтаксис», 1938), Е.Кротевичтің орыс тіліндегі оқу кітабы (2-сынып), А.Воскресенская мен Л.Головородконың «Орыс тілі» (4-сынып), т.б. оқулықтар жарық көрді. Институт жанынан КСРО Конституциясы, география, физика, математика, жаратылыстану, химия, ән-күй, сурет, дене шынықтыру секторлары ашылды. 50-жылдары институт сегіз жылдық және жалпы білім беретін политехникалық орта мектептердің жаңа оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын даярлау ісімен айналысты. 20 ғасырдың 50–60-жылдары Бекмахановтың басшылығымен орта мектептің 8–10-сыныптарына арналған Қазақстан тарихының оқу құралы жазылды. 1950 жылдың соңында институт педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты болып аталды. Ы.Алтынсариннің туғанына 125 жыл толуы құрметіне институтқа оның есімі берілді (1966). 1992 жылы Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты мен КСРО педагогика ғылым академиясының педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының Қазақ бөлімшесі қосылып, Қазақтың білім мәселелері институты болып, кейіннен қазіргі атауымен аталды. Қазір Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы құрамында Мектеп және мектепке дейінгі білім институты, Жоғары білім институты, Кәсіптік білім институты бар. 12 жылдық оқу жүйесіне көшу мәселелері, оқулықтар мен оқу кешендерін сараптау және болжам жасау, жаңашыл сараптама орталықтары жұмыс істейді.

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтымалдәрігерлік және мал-дәрігерлік-профилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіретін басты мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1905 жылы 14 қаңтарда Губерниялық ветеринарлық-бактериологиялық лаборатория негізінде Орынбор қаласында құрылған. 1925 жылы Қазақ аймақтық ветеринарлық-бактериологиялық институты деп аталды (Орынбор қаласы). 1928 жылы Алматы қаласына ауыстырылды. 1934 жылы Алматы ғылыми-зерттеу ветеринария тәжірибелік станция болып қайта құрылды. 1940 жылдан қазіргі атымен аталады. 2002 жылдан институт – Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталықтарының еншілес кәсіпорны. Институт құрамында: сарып, туберкулез аурулары, төл, жылқы және түйе ауруларын зерттеу, вирусология, паразитология ғылыми-техникалық бөлімдері; мал өнімдері мен олардан алынатын шикізатты ветеринарлық-санитарлық сараптау және патоморфология, құс және бал арасы аурулары лабораториялары, сондай-ақ аспирантурасы (1940 жылдан) бар. 1994 жылдан докторантура ашылды. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: малдың жұқпалы, жұқпайтын және инвазиялық ауруларын анықтау, олардан сақтану және оларды емдеу әдістерін іздестіру; ветеринарлық-профилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық шаралар жүйесін жасау; қоршаған ортаны ластанудан, сондай-ақ мал шаруашылықтары мен фермаларында, құс фабрикаларында тұрақты ветеринарлық тазалықты сақтауға, малдан алынатын өнімдердің ветеринарлық-санитарлық жағынан сапалы болуын қамтамасыз етуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижесін өндіріске енгізу. Институтта малдың әр түрлі ауруларымен күресуге арналған 15 диагностикум, соның ішінде өндірістік көлемде туберкулез, сарып, лейкоз ауруларын анықтаудың диагностикумы, 14 вакцина (топалаң мен қарасанға, қой энтеротоксемиясына, т.б.), 8 қан сарсуы (көп валентті иммундық сарсу, қойға арналған иммундық глобулин, мал токсоплазмасы, т.б.) және 28 емдік препарат («Этобиц», «Дезоксан», «Экофор», «СКЖ-туберкулин», т.б.), әдістемелік көрсеткіштер мен нұсқаулар дайындалып, өндіріске ұсынылды. Институтта Қазақстан ғылым академиясының академиктері С.Н.Вышелесский, С.Н.Боев, корреспондент мүшесі Я.И.Клейнбок, ветеринария ғылыми кандидаты С.К.Кожакин болды. Қазір институтта ветеринария ғылыми докторлар, проффессорлар: А.Сансызбай, А.Сұлтанов, Г.И.Диков, ветеринария ғылыми докторлар А.Жұмаш, А.Бижанов, В.Б.Тен, т.б. қызмет етті.

Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты

Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, В.Р.Вильямс атындағы– егіншілік және өсімдік шаруашылығы бойынша аймақтық мәселелермен айналысатын жетекші үйлестіруші орталығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1934 жылы құрылған. 2002 жылдан Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік ортлығының республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауданында орналасқан. Құрамында 19 бөлім мен лаборатория бар. 1961 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Институттың негізгі ғылыми бағыттары: аймақтық топырақ және су, т.б. ресурс қорларын сақтай отырып, кез келген шаруашылық құрылым жағдайына лайықтап, экология жағынан таза әрі жоғары өнімді агроландшафтық егіншілік жүйесін құру; астық, бұршақ тұқымдастарының техникалық және жармалық дақылдарының, дәрілік өсімдіктердің құрғақшылыққа, өсімдік аурулары мен зиянкестеріне төзімді, мол өнімді жаңа сорттары мен будандарын шығару, сондай-ақ оларды тұқымынан өсіру тиімділігін арттыру; әлемдік ғылыми жетістіктер мен озат тәжірибені өндіріске енгізу. Институт суғарылмалы, суғарылмайтын және тәлімі жерлер үшін аймақтық егіншілік жүйелерін және негізгі танаптық дақылдарды өндіруде топырақ құнарлылығын сақтауға, шикізаттық және энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қолайлы әдістерді жасады; минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану, суғару мерзімі және қолдан суғарудың әдістері мен технологиясы, республиканың оңтүстік-шығыс аймағын гидромодульді аудандастыру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындылары республиканың 9 облысында өндіріске енгізілді. Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында аумағы 0,4 млн га жердің биоклиматтық қорларымен егіншілік жүйелерді сәйкестендірудің нәтижесінде астық тұқымдас дақылдарды агроэкологиялық аудандастыру іске асырылды. Институт ауыл шаруашылығының дақылдарының 250-ден астам сорттары мен буданын шығарып, оның 88-ін аудандастырды. Ғылыми жаңалықтары мен өнертабыстары үшін институт ғалымдары 24 патент алған. Институт Киото (Жапония), Гессен (Германия) университеттерімен, «Земун поле» (Югославия), Кембридж (Ұлыбритания), т.б. институттармен, бірнеше шетелдік фирмалармен бірлесіп жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстар жинағын, анықтамалықтар, монографиялар, нұсқау кітапшаларын шығарып тұрады. Институтта академиктер А.И.Бараев, Қ.Әбуғалиев, З.Бияшев, Ю.Д.Зыков, т.б. ғалымдар еңбек еткен.

Қазақ ет-сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты

Қазақ ет-сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республиксы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1958 жылы Семей қаласында Бүкілодақтық ет өнеркәсібі ғылыми-зерттеуинститутының қазақ бөлімшесі болып құрылған. 1992 жылдан қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қарамағында қазіргі атымен аталады. 1996–2002 жылдары ғылым және білім министрлігінің ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталық құрамында болды. 2002 жылдан Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны. Институт құрамында: ет және ет тағамдары технологиясы (консервілеу бөлімімен бірге); сүт және сүт өнімдері технологиясы; балаларға арналған арнайы тағамдар; сүт және ет өнеркәсібінің технологиялық құрал-жабдықтарын жасайтын конструкторлық-тәжірибелік лаборатория; маркетинг және экономикалық зерттеу; стандарттау және нормативтік-техникалық жетілдіру бөлімі; тәжірибелік-механикалық цех бар. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: мал шаруашылығы өнімдерін кешенді түрде өңдеу және оларды сақтау технологиясы мен техникалық құралдарды дамыту; бағалы ет өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологиясын жасау; сүтті қайта өңдеу және сүт өнімдері қосылған тағамдар өндірісінің технологиясы мен оның ғылыми негіздерін дайындау; бағалы биологиялық құнды өнімдерден бала тағамы мен арнайы тағам өндірісінің технологиясын жасау. Шұжық, сүт өнімдері мен макарон жасап шығаратын құрал-жабдықтар дайындалып, олар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының және кейбір шет елдердің өндіріс орындарына енгізілді. Институт 13-Халықаралық «Сапа белгісі» сыйлығымен марапатталды (1999).

Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтыбақ, жидек, жеміс, жүзім, көшет шаруашылықтарын бір-бірімен үйлестіретін бас мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1959 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының Жеміс бөлімі, Бүкілодақтық шарап жасау және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының («Магарач») Қазақ жүзім шаруашылығы ғылыми-зертеу станциясы негізінде Алматы қаласында құрылған. 2002 жылы Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталықтарының құрамына енді. Институт құрамында 14 ғылыми бөлімше, 4 өндірістік-тәжірибелік шаруашылық және 2 тәжірибелік егістік, аспирантура (1961 жылдан) бар. Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары: жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің генетикалық қорын құру және сақтау; биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып, бағалы жаңа сорттарды шығару; еңбек шығынын азайтатын және егістіктердің өнімділігін арттыратын жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өсіру технологиясын жасау; техногенді ластанған және сортаң жерлерде топырақ құнарлылығын арттыру жүйесін енгізу арқылы экологиялық таза өнім алу; механикаландыру құралдарын, өсімдіктерді қорғау жүйелері мен суғару және сапасы жоғары өнім алу үшін жеміс-жидек пен жүзімді өңдеу технологияларын жасау; био- және өсімдік препараттарын қолдана отырып, жемістердің ұзақ сақталу технологиясын жетілдіру. Институтта шекілдеуікті, сүйекті, жидекті дақылдар мен жүзімнің әлемдегі ірі коллекцияларының бірі (4 мыңға жуық сорт үлгілері) жиналған. Гибрид қоры 40 мыңға жуық. Ал жиналған гендік қоры негізінде осы дақылдардың 100-ден астам сорттары шығарылды. Дүние жүзінде алғаш рет сүректенген қалемшелерден телінушілерді өсірудің; жеміс-жидек дақылдарының вирус дарымайтын таза сорттарын («іn vіtro» биотехнологиялық әдісін пайдаланып) өндірудің; бағалы сорттар мен дақылдардың өнгіштік коэффициентін бірнеше есе көбейтудің және екпе ағаш өнімдерін 1,6–2,5 есеге арттырудың тиімді технологиясы жасалды. Жеміс пен жүзім өңдеудің технологиясы жетілдіріліп, шараптың кейбір айрықша түрлерін («Меруерт», «Ер-Су», «Керемет», т.б.) жасаудың ғылыми-техникалық құжаттамасы даярланды. Инфрақызыл сәулені қолданудың негізінде, жемістерді кептірудің өнім сапасын едәуір жақсартатын (витаминдерін сақтау) технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді. ТМД елдерінің арасында алғаш рет ішіндегі ауаның газ құрамы реттеліп отыратын, жеміс сақтайтын қойма іске қосылды. Институттың құрылуына және оның дамуына ғалымдар А.Жанғалиев, Ш.А.Хабибулин, т.б. үлкен үлес қосты.

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Үлгі:Толық мақала

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазККШҒЗИ ) негізі 1946 ж. құрылған.

ҚазККШҒЗИ республикадағы картоп, көкөніс және бақша дақылдарын зерттеу жұмыстарымен айналысатын республикалық ғылыми орталық және осы салалар бойынша еліміздегі 15 ғылыми мекеменің қызметін үйлестіріп отыр.
Институттың гендік қорында бүгінгі күні картоптың 35 елден алынған 1700 дана, көкөніс-бақша дақылдарының 97 елден алынған 10400 дана сорт үлгілері сақталуда. Селекциялық бағдарламада картоп, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, қызанақ, капуста, қияр, тәтті және ащы бұрыш, сәбіз, асханалық қызылша, қауын, қарбыз, аскөк, көкөніс дақылдарының тағы да басқа түрлері қамтылған (жалпы саны - 25).
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізбесіне институт ғалымдары шығарған картоп және көкөніс дақылдарының 108 сорты мен буданы енген. Оның ішінде 33 картоп сорты: Астана, Ақсор, Ақкөл, Ауыл, Альянс, Бірлік, Бора Валлей, Жанайсан,Жуалы, Жолбарыс, Карасайский, Қоғалы, Кокшетауский ранний, Максим, Мирас, Нартау, Нұр-Әлем, Нәрлі, Орбита, Памяти Боброва, София, Тамаша, Тамыр, Тандем, Теңіз, Тоқтар, Текес, Тобол, Удовицкий, Ұлан, Үшқоңыр, Шортан­динский, Шағалалы; 75 көкөніс-бақша сорты: 11 – басты пияз сорты: Августин, Арай, Игілік, Мереке, Октябрьский, Табыс, Сокол, Талисман, Дар Кайнара, Шенгельдинский, Акниет; 2 – шалот пиязы сорты: Кайнарский, Водолей; 3 – сарымсақ сорты: Арман, Заилийский, Ники; 10 – ашық танапта өсірілетін қызанақ сорты: Заря Востока, Лучезарный, Меруерт, Нарттай, Пламя, Рассвет, Самаладай, Сюрприз, Лидер, Уміт; 8 – жабық жайда өсірілетін қызанақ сорты: Алуа F1, Жалын, Диас, Нурай F1, Сәнді, Дәмді, Золотая бусинка, Солнечная жемчужина; 6 - қияр сорты: Азат,Крепыш F1, Медеу, Шілде, Өркен, Мейрам 20; 3 – асқабақ сорты: Мозолеевская 10, Карина, Афродита; 2 – кәді сорты: Геракл, Злато; 2 –сәбіз сорты: Алау, Дербес; 1 – асқаналық қызылша сорты: Қызылқоңыр; 3 – тәтті бұрыш сорты: Қаз-Тай, Баян-Сұлу, Қозы-Көрпеш; 2 – ащы бұрыш сорты: Пикант, Ерекше; 1 – қырыққабат сорты – Надюша; 8 – қарбыз сорты: Асар, Жетыген, Каргалинец, Красносемянник, Междуреченский, Медок Семипалатинский, Стоксик Семипалатинский, Семей; 9 – қауын сорты: Алена, Алтыночка, Илийская, Майская, Прима, Таисия, Шұғыла, Шекер, Чемпионка; 1 – аскөк сорты: Каскеленский; 1 – шалғам сорты: Дунганский 12/8, 1 - бұршақ сорты: Ассоль; 1 – маш сорты: Інжу; 1 - соя сорты; Жасыл Дән.
Институттың тұқымдық танаптарында жыл сайын барлық аудандастырылған картоп сорттарының 700-1000 т тұқымы, көкөніс және бақша дақылдары сорттарының 1700-2000 кг бастапқы, суперэлиталық және элиталық тұқымы өсіріледі.
Элиталық картоп өсірудің биотехнологиялық әдісі; картопты генеративік тұқымдармен көбейту әдісі; көкөніс-бақша дақылдарының бастапқы, элиталық және сорттық тұқымын өндіру технологиясы; картоп және көкөніс дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы; топырақ өндеудің, тыңайтқыштарды енгізудің және өсімдік қорғаудың жетілдірілген технологиясы; дәстүрлі және қысқа ротациялы ауыспалы егістіктер; картоп өнімін контейнерлік әдіспен жинау, сақтау және өнімнің сақталуын биохимиялық көрсеткіштер негізінде болжау тәсілдері тағы басқа көптеген жетілдірілген технологиялар институт ғалымдарының көп жылдық ғылыми еңбектерінің нәтижелері болып табылады.
Институт шетелдік жетекші ғылыми мекемелермен және халықаралық орталықтармен тығыз байланыста. Олардың ішінде Ресей, Украина, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қытай мемлекеттерінің ғылыми мекемелерімен қатар Халықаралық ғылыми орталықтар бар – Халықаралық Картоп Орталығы (CIP), Дүниежүзілік Көкөніс Орталығы (AVRDC-WVC), Қуаң Аймақтардағы Ауылшаруашылық Зерттеулердің Халықаралық Орталығы (ICARDA), АҚШ-тың Университеттері және т. б. Қауымдасудың нәтижесінде институт ғалымдыры Халықаралық Картоп Орталығымен бірлесіп картоптың Альянс, Мирас және Ұшқоңыр сорттарын, Дүниежүзілік Көкөніс Орталығымен бірлесіп тәтті бұрыштың Қаз-Тай, Баян-Сұлу және Красное чудо сорттарын, ащы бұрыштың Пикант және Ерекше сорттарын, маштың Жасыл Дән сортын, сояның Іжу, райханның Балғын сортын шығарып өндіріске ұсынды.
Институттың 10 ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімдері мен зертханаларында 163 қызметкер жұмыс атқарады оның ішінде 6 ғылым докторы және 16 ғылым кандидаты бар.
Институт ғалымдарының ғылыми еңбектерінің нәтижелері 100-ден астам кітаптар мен ғылыми жинақтарда, 150-ден астам кітапшалар мен нұсқауларда жарық көрген. Мерзімді басылымдарда, әртүрлі халықаралық және республикалық симпозиумдар мен конференциялар жинақтары мен материалдарында институт ғалымдарының еңбектері басылған. Кітапхананың басылымдық қоры 72 мың дананы құрайды.
Институт қызметкерлері 300-ден артық авторлық куәлік пен патентке ие.<ref>www.kazniiko.kz</ref>

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты– ғылыми-тәжірибелік мекеме, республикадағы офтальмологиялық қызметтің басты орталық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. 1933 жылы Алматы облысы көз аурулары ауруханасы негізінде өлкелік ғылыми-тәжірибелік офтальмология институты ретінде құрылды. 1974 жылдан қазіргі атымен аталады. Құрамында: офтальмологиялық қызметті ұйымдастыру; көз тамырлары ауруларын зерттеу; балалар мен жасөспірімдердің көз ауруларының алдын алу; көз жарақатын емдеу бөлімдері; глаукома және арнайы көз патологиясы лабораториялары бар. Негізгі ғылыми бағыттары: көз ауруларының таралуын тежеу және одан сақтандыру, диабеттің салдарынан болатын көз ауруларының мед. әлеум. аспектілерін айқындау; көз тамырлары ауруымен ауырған науқастардың көз жанарын қалпына келтіру; амблиопия (көрудің нашарлауы), миопия (алыстан көрмеушілік), іштен туа біткен көз ауруларын консервативті және хирургиялық жолмен емдеу; глаукома және катарактаның асқынуынан пайда болатын көз ауруларын емдеу және хирургиялық жолмен көздің көруін қалпына келтіру, т.б. Институт қазіргі заманға сай техникалық құралдармен (ультрадыбысты факоэмульсикатор, компьютерлік периметр, контактісіз тонометр, диагностикалық эхосканер, т.б.) жабдықталған.

Қазақ көлік және коммуникация академиясы

Қазақ көлік және коммуникация академиясы, М.Тынышбаев атындағы (ҚазККА) – жетекші жоғары оқу орны. Республиканың көлік-коммуникация кешеніне жоғары білімді мамандар даярлайды. Алматы темір жол көлігі институты Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтының Алматы бөлімшесі негізінде 1976 жылы 20 мамырда ұйымдастырылды. ҚазККА 1996 жылы 7 мамырда Алматы темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автомобиль жолы институты негізінде құрылған. 2000 жылы академияға М.Тынышбаевтың есімі берілді. Академияда көлік техникасы мен құрылысы, өндірісті ұйымдастыру және экономикалық институттары, магистратура, аспирантура, докторантура, біліктілікті арттыру, компьютерлік-ақпараттық технологиялар, тілдерді дамыту, мемлекеттік тілде іс жүргізу, ғылыми-зерттеу инновациялық орталықтары «Салауатты өмір салты» кешені бар. Академияда 23 кафедра мен 100-ден астам лаборатория жұмыс істейді. Онда 18 мамандық бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары, көптеген мамандық пәндері бойынша бағдарлама жасалып, бекітілген.

Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты

Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Мүйізді ірі қара шаруашылығы институты мен Алматы облысы Қастек аймақтық қой шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде 1933 жылы ұйымдастырылған. 1974 жылы қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып құрылып, 1975 жылдан қазіргі атымен аталады. 2002 жылдан мал шарушылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының бөлімшесі. Құрамында 16 бөлім, лаборатория, 2 тәжірибе шаруашылығы, аспирантура (1974 жылдан) бар. Негізгі ғылыми бағыттары: қой, ешкі, түйе және жылқы түліктерінің қолда бар тұқымдарын асылдандырып, жаңа тұқымдарын, тұқымдық топтарын, типтері мен тектес туыстарын шығару; қой басын көбейту биотехнологиясы, малды өз төлінен өсірудің және қолдан ұрықтандырудың тиімді әдістерін тауып, өндіріске енгізу; мал азықтарын дайындау және азықтандыру технологиясын жетілдіру; жүн, ет, қымыз, шұбат өндіру мен оларды стандарттау. Институт ғалымдары малдың жаңа тұқымдарын: қазақтың биязы жүнді қойын (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1948), қазақтың оңтүстік мериносын (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1970), қазақтың солтүстік мериносы мен биязылау жүнді дегерес қойын, көшім жылқысын (Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1977) шығарды; қой бордақылаудың өнеркәсіптік технологиясын жасап, өндіріске енгізді (Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1974); сондай-ақ қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы, сарыарқа құйрықты қойы, мұғалжар жылқысын шығарып, мемлекеттік сынақтан өткізді. Қой азықтандыру нормаларын, белок-витамин-минералды тұз қоспасын, премикстер (биологиялық активті қоспалар) мен түйіршікті азық рационының рецепттерін жасады.

Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтықұсты жемдеу, өсіру және күтіп-бағудың технологиялық жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен солтүстік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құс ш.аруашылығы бөлімдері, сондай-ақ қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының «Қаскелең» тәжірибе шаруашылығына қарасты құс фермасы негізінде 1966 жылы құрылған. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қазақ КСР-інің 50 жылдығы ауданында орналасқан. 1992–2002 жылдары қазіргі атымен аталды, ал 2002 жылдан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының құс шаруашлығы мәселелері бойынша бөлімшесі. Құрамында жемдеу және оның технологиясы, селекция және генетика секторлары, жемшөпті сараптау өндірістік лабораториясы бар. Негізгі ғылыми бағыттары: ауыл шаруашылығы құстарының қолда бар линияларын жетілдіру және жаңа кросс шығару; құс өнімдерін өндірудің энергияны үнемдейтін технологиясын әзірлеу; құс тағамының құрамына енгізілетін заттардың ғылыми негізделген нормаларын жасау және оның биологиялық тиімділігін зерттеу; құс шаруашылығы үшін селекциялық-технологиялық бағдарлама даярлау. Институтта құс жемдеу, оның тұқымдарын жақсарту және өсіру технологиясын жасау жөнінде ұсыныстар енгізіліп, құсқа берілетін құрама жем мен витаминді-минералдық қоспалардың экономикалық тиімді рецептурасын және жемдеу мөлшерін даярлау жұмыстары жүргізілді; лазер сәулесі мен үйектелген (поляризацияланған) қызыл жарықты пайдаланудың нәтижесінде құстардың жұмыртқалағыштығы мен балапандардың өміршеңдігі артатындығы анықталды. Институтта жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін тауықтың «Алатау», үйректің «Медеу», «Арман» кросстары шығарылып, Орталық Азия республикаларының көптеген шаруашылықтарына таратылды.

Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты

Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институтышабындық-жайылым шаруашылығы мен жемшөп өндіру жүйесін үйлестіріп отыратын ғылыми мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Шығыс бөлімшесінің қарамағындағы Қазақ шабындық-жайылым ғылыми-зерттеу институты болып Алматы қаласында 1969 жылы құрылған. 1987–2002 жылы мал азығы және жайылым ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас мекемесі болды, ал 2002 жылдан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Құрамында жайылымдарды жақсарту және пайдалану; шалғындарды жақсарту және пайдалану; базистік жемшөп өндіру; сортаң жерлерді суландыру (мелиорациялау); жемшөп өндіру экологиясы; астық және бұршақ тұқымдас өсімдіктер селекциясы; өсімдіктерді интродукциялау; сұрыпталатын материалдарды биол. тұрғыдан бағалау; шалғындық-жайылым шөбінің тұқым шаруашылығы; Батыс Қазақстан жемшөп өндіру бөлімдері; жемшөп қоректілігін бағалау лабораториясы бар. 1969 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Институттың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: егіс танабында мал азығын өндірудің және жайылымдарды, шабындықтарды жақсарту мен пайдаланудың қазіргі заманғы қарқынды технологиясын іздестіріп, өндіріске енгізу; мал азықтық дақылдардың және шалғын мен жайылымда өсетін шөптердің жаңа, мол өнімді сорттарын шығару; мал азығын дайындау, сақтау және пайдаланудың жаңа технологияларын жасап, өндіріске енгізу; мал азығын өндіру мен шалғындық-жайылым шаруашылығын ұйымдастыру және экономика негіздерін жетілдіру. Тәжірибе шаруашылықтарында жабайы шөптерді тұқымынан өсіру арқылы еркекшөптің – жергілікті Ақсеңгір мен Тауқұм буданы, қияқтың – Бозой сорттары шығарылып, өндіріске енгізілді. Қаракемер тәжірибе шаруашылығында жоңышқа, қияқ шөптерінің тұқымын қолдан суғару арқылы өсірудің технологиялық тәсілдері жетілдірілді; Институттың тәжірибе шаруашлылығыннда қияқты тұқымынан егу агротехникасы жасалуда.

Қазақ мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты

Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институтысүтті және етті мал тұқымдарын өсіру бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын бас мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1933 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Шығыс бөлімшесінің қарамағында етті мал шаруашылығы институты ретінде ашылып, 1974 жылы қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде құрылған. 2002 жылдан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының құрамындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка ауданында орналасқан. Құрамында сүт және сиыр етін өндіру технологиясы; сүтті мал өсіру және оның селекциясы, етті мал өсіру және оның селекциясы; ауыл шаруашылығы малдарының азығын өндіру және азықтандыру технологиясы; шошқа шаруашылығы және ғылыми-техникалық ақпарат бөлімдері, сондай-ақ қаржылық-жоспарлау және өндіріс бөлімшелері бар. 1974 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары: сүт бағытындағы сиырлардың генофондын сақтау және оның селекциясын жақсарту; сүтті және етті малдың, шошқаның қолда бар тұқымдарын жетілдіріп, олардың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын шығару; малды азықтандыру және құнды мал азығын өндіру технологиясын жасау. Институт қазақтың ақбас және алатау (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1950), етті тұқым – әулиекөл сиырларын, қазақтың ақбас сиырының 3 линиясын, симментал сиырының қазақстандық типін, санта-гертруда тұқымының негізінде сиырдың жаңа «Жетісу» типін шығарды. Қараала және қызылала сиыр тұқымдарының генотиптерін пайдалана отырып, мол өнімді сиыр табындарын қалыптастырды. Институтта ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктер В.А. Вернигор, корреспондент мүшесі А.Мелдебеков, ауыл шаруашылығы ғылыми докторы, профессорлар Қ.Құсайынов, М.Жұмабаев, В.Д.Крючков, А.И. Ашанин, т.б. ғалымдар жұмыс істеді.

Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты

Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1998 жылы 24 наурызда құрылды. 1934–36 жылдары жұмыс істеген Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының заңды мұрагері. Институт қызметінің негізгі бағыттары – мәдениет және өнер мекемелерінің мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөнінде зерттеулер жүргізіп, түсіндірмелер жасау; Қазақстанның әлеуметтік, мәдени дамуын басқаруды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету; мәдениет пен өнер саласына байланысты ақпарат дайындау және жариялау. Оның құрамында: өнертану, мәдениет теориясы мен тарихы, талдау және әлеуметтік мәдени зерттеулер, редакциялық-баспа бөлімдері бар. Институт «Қазақстан Республикасы мәдениетінің даму тұжырымдамасы» жобасын, сондай-ақ «Ауыл мәдениетін сақтау, жаңғырту және дамыту тұжырымдамалары» жобасын әзірледі, облыстық мәдениет орталықтары директорларының қатысуымен «Ауыл мәдениетін дамыту және ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануының қазіргі жай-күйі», «Халық шығармашылығы – ауыл мәдениетінің рухани қайнар көзі» деген тақырыптарда семинарлар өткізді, қазақ халқының тарихи, мәдениет ескерткіштерін зерттеу және оларға қатысты материалдар жинау жөнінде экспедициялар ұйымдастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтының хабаршысы, Вестник КазНИИКИ» ғылыми-көпшілік, мәдени-талдамалық, ақпараттық журналында жарияланып отырады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіжоғары оқу орны. 1944 жылы 15 тамызда ашылған. 2008 жылдан қазіргі атымен аталады. Институтта алғаш үш факультет (физика -математика, тарих, тіл және әдебиет) болды. 1945 жылы жаратылыстану-география факультеті ашылды. 1961 жылы кітапхана, 1968 жылы музыкалық және ән, 1971 жылы филологиялық факультеті мен тарих-педагогика факультеттері қосылды. Соңғысы 1984 жылы тарих және мектепке дейінгі тәрбие факультеттеріне бөлінді. Алғашқы жылдары институт қабырғасында академиктер М.Әуезов, Ә.Марғұлан, О.Жәутіков, Т.Тәжібаев; профессорлар: Н.Сауранбаев, К.П.Персидский, Ә.Тұрсынбаев, З.Ахметов, К.Бисембиев, К.Қанафиева, т.б. еңбек етті. Институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды. 2000 жылы тарих-филология, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш және музыкалық білім, жаратылыстану, экономикалық және білімдегі сервис факультеттері құрылды. Институттың күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде студенттер 38 мамандық бойынша білім алады. Қазіргі таңда унивеситетте 709 оқытушы дәріс береді, оның ішінде 68 ғылыми доктор, профессор, 238 ғылыми кандидат, 2 Қазақстан Республикасының Халық артисі, 2 Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі бар. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеулер орталығы, 2 дербес лаборатория арқылы жүргізіледі. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау орталығы» дисс. кеңес жұмыс істейді. Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында «Сапа менеджменті» жүйесі 2004 жылдан бері университетте ресми түрде мақұлданып, Халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру сапасын жоспарлау, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Университет жанынан 2005 жылдан республикалық «Этнопедагогика» ғылыми-педагогикалық, «Хабаршы» ғылыми журналдары екі айда бір рет шығып тұрады.

Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы

Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы – жоғары оқу орны. 1945 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) дене тәрбиесі факультеті негізінде ашылды. 1997 жылға дейін Қазақ физкультура институты деп аталды. Академия құрамында 4 факультет бар; студенттер мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқиды. 15 ғылыми докторлар мен профессорлар, 50 ғылыми кандидат мен доцент дәріс береді. Қазақстан Республикасының 20 еңбек сіңірген спорт шебері мен еңбек сіңірген жаттықтырушысы жұмыс істейді.

Интернетке шыға алатын екі компьютер сыныбы, 2 стадион, спорт ойындарына, гимнастикаға, жеңіл атлетикаға, күреске, бокске, ауыр атлетикаға арналған 7 спорт залы, жүзу айдыны, 3 жатақхана бар. Спорт және дене тәрбиесі факультеті жеңіл атлетика, ауыр атлетика, шаңғы спорты, конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, гимнастика, жүзу, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, хоккей, семсерлесу, күрес (еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзю-до, қазақша күрес), теннис, велоспорт, армрестлинг, спорт психология, спорт режиссурасы, дене тәрбиесі мен спорт менеджменті, спорт журналисі мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Валеология факультеті мектептер мен арнаулы және жоғары оқу орындары үшін ұстаздар даярлайды. Туризм және сервис факультетінде туризмнің спорттық және белсенді түрлері, сервис, рекреациялық-танымдық саяхат, коммерциялық туризм, ішкі туризм, қонақ үй ісінің менеджменті тармақтары бойынша болашақ менеджерлер оқиды. 2000 ж. жауынгерлік өнер және жекпе-жек күрес факультеті ашылды, онда бокс, шығыс жекпе-жегі, жеке меншікті қорғаушы мамандықтары бар. Академия студенттері спорттың әр түрінен ұлттық құрама команда сапында әлем, Еуропа, Азия, Олимпиялық ойындар чемпиондары мен жүлдегерлері болды

Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерртеу институты

Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерртеу институтыҚазақстанның геологиялық қызмет саласындағы кешенді ғылыми-зерттеу мекемесі. 1956 жылы КСРО Геологиялық министрлігі Бүкілодақтық минералдық шикізаттар институтының бөлімшесі ретінде құрылды. 1957 жылдан дербес институт. Негізгі бөлімдері: аймақтық геологиялық, металлогения, мұнай мен газ геологиясы, гидрогеология, геохимия, геофизика, геологиялық барлау жұмыстары және картография. Институт құрамында 1990 жылға дейін геологиялық барлау экспедициясы және кен байыту фабрикасы жұмыс істеді. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: минералдық шикізаттар құрамын сараптап, оларды тиімді байыту жолдарын іздестіру; барлау жұмыстарының әдістемелері; геологиялық барлау техникасын жетілдіру; кен іздеудің әр түрлі тәсілдерін (геология, геохимия, геофизика) дамыту; жер қыртысының терең қабаттарын зерттеу; ондағы түрлі металдар түзілімінің аралық белдемдерін шектеу. Жүргізген зерттеулері жоғары бағаланып, институт республиканың «Алтын кітабына» енгізілген. Институтты ұзақ жылдар бойы Қазақстан және КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Г.Бекжанов басқарды, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ж.Айталиев, КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты М.И.Казанцев және басқа да 17 Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары жұмыс істеген.

Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты

Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтыҚазақстан Республикасының геологиялық қызмет жүйесіндегі мұнай мен газ бойынша мамандандырылған салалық ғылыми-зерттеу мекемесі. Атырау қаласында орналасқан. Институт 1946 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстанның батысындағы Қазақ КСР-і ғылым академиясының ОралЕмбі ғылыми-зерттеу базасынан бөлініп шықты. 1956 жылы мұнай институты болып қайта ұйымдастырылып, 1960 жылы геология және геофизика институтына айналды. 1972 жылдан қазіргі атауымен белгілі. Ақтөбе қаласында бөлімшесі бар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: Қазақстан аумағындағы мұнай және газ кен орындарының геологиялық құрылымын зерттеу мен орналасу заңдылықтарын ашу; мұнай-газ қорларын болжамдық және өнеркәсіптік бағалау; геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын белгілеу; мұнай-газ ұңғымаларын байқау мен сынау әдістерін жетілдіру және бұрғылау технологиясы мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін жақсарту; терең ұңғымаларды қазуға арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындау; сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру; өз зерттеулерінің нәтижелерін сыртқа шығару және шет ел фирмаларымен бірлескен зерттеулер жүргізу. Институт ғалымдары жүргізген зерттеулердің ең маңызды теориялық және қолданбалы нәтижелері: Каспий маңы ойпаты, ОңтүстікМаңғыстау, Бозащы түбегі шөгінді қабаттарының терең құрылымы кешенді зерттелді және соның негізінде мұнай-газ аймақтары болжанды, мұнай қоры мол ірі аймақтар мен кен орындары анықталды; Қазақстан аумағы мұнай-газ кені қорының болу ықтималдылығы дәрежесі бойынша геологиялық аудандастырылды; 1978 жылы республикалық өндірістік ұйымдармен және Бүкілодақтық газ және мұнай ғылыми-зерттеу институтымен (Мәскеу) бірлесіп, 1:500 000 масштабты «Қазақ КСР-інің мұнай-газ қорын болжау картасы» құрастырылды; 1982 жылы 1:300 000 масштабты «Каспий маңы ойпаты мен төменгі Еділ мұнай-газды облысы мұнай-газ қорының картасы»; 1:100 000 масштабты Каспий маңы мұнай-газды аймағы бойынша карталар сериясы жарық көрді; бұрғылауға дайындалған құрылымдар бойынша көмірсутектің перспективті қорлары бағаланды; Қарашығанақ, Жаңажол, т.б. бірегей кен орындарында тәжірибелік термодинамикалық зерттеулер жүргізілді; жоғары сапалы сейсмикалық барлау әдістемелері жетілдірілді, т.б. Бірқатар институт жұмыстары Қазақстанның (1976, 1980) және КСРО-ның (1983) Мемлекеттік сыйлықтарымен марапатталған.

Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты

Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институтымамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесі. 1940 жылы Атырау қаласында «Қазақстанмұнайкомбинаты» құрамындағы «Ембіжобалау» мекемесінің кеңсесі ретінде негізі қаланды. 1957–70 жылдары «ГипроҚазмұнай» жобалау институты болды. 1970 жылы КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты атанды. 1978 жылдан Ақтау қаласында. 1995 жылы Атырау бөлімшесінің негізінде дербес «Каспиймұнайгаз» институты құрылды. Институт жұмысының негізгі бағыттары: мұнай мен газ кендерінің геологиясы және пайдалануға байланысты ғылыми -зерттеу жұмыстарын жүргізу, көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу саласында жобалау-іздеу жұмыстарын орындау; мұнай-газ өндірісі мен еңбек қауіпсіздігі техникасының ғылыми-техникалық нормативтік құжаттарын жасау. Институт жобалауы бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарында бірқатар газ-мұнай кендері пайдалануға берілді.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыреспублика халқына онкологиялық және радиологиялық қызмет көрсететін ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталығы Қазақстан Республиксы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. 1960 жылы Алматы қаласында құрылған. Құрамында 9 хирургиялық, 3 радиологиялық, 7 диагностикалық және 3 тәжірибелік (аңдарды зерттейтін арнайы лабораторияны қосқанда) ғылыми бөлімшелері бар. 1960 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты – қатерлі ісіктің алдын алу және емдеудің жаңа әдістерін жетілдіру. Онкологиялық реконструктивті-пластикалық операция арқылы шағын ісіктерді сылып тастау, кеңейтілген лимфодиссекция, иммунды-гормонтерапия және дәрімен емдеудің жаңа жүйелерін жүзеге асырды. Институтта дайындалған озық диагностика және емдеу әдістері ТМД елдерінің, Үндістанның, Швецияның, Перудің, Ұлыбританияның жетекші онкология орталықтарында және республиканың облыстық онкология диспансерлерінде қолданылады. Институтта Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі С.Б.Балмұқанов, корреспондент мүшесі Ж.Н.Әбдірахманов, медицина ғылымының докторы, профессорлар А.Ә.Бейсебаев, Н.Ә.Әжіғалиев, Ж.Ә.Арзықұлов, Ғ.С.Қанапиянов, С.А.Бәйішева, А.Қосаев, А.И.Шибанова, т.б. ғалымдар жұмыс істеді. 2002 жылдан «Қазақстан онкологиясы мен радиологиясы» журналы шығарылады. 140-тан аса авторлық куәлік пен патент қорғалған.

Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты

Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтыорман шаруашылығын басқару және орман алқаптарын өсірудің ғылыми жүйелерін жасайтын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Қазақ орман тәжірибе станциясы мен Қазақстан ҒА Ботаника институтының орман секторы негізінде 1957 жылы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысындағы Щучинск қаласында құрылды. 2002 жылы орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. Құрамында: орман шаруашылығы және орманды пайдалану; орманда дәрілік өсімдіктерді өсіру; агроорман-суландыру; гендік қорды қорғау; селекция; тәжірибелік орман шаруашылығы бөлімдері, орман қорғау және оны сақтау лабораториясы, сондай-ақ Алматы, Алтайтәжірибелік орман станциялары, Батыс Қазақстан бөлімшесі және Кондратов тәжірибелік-үлгілік орман питомнигі бар. Негізгі ғылыми бағыттары: ормантану, орман өсіру; шаруашылықта ағаш қорларын көп мақсатты және үзіліссіз пайдалануды ұйымдастыру; жергілікті ағаш және бұталы өсімдік түрлерінің селекциясы; тұқым алу; жаңа сорттарын шығару; орман шаруашылығында интродуценттерді қолдану; орман алқаптарын өсіру және көгалдандыру; сондай-ақ экологиялық апатты аймақта жасанды орман алқаптарын өсіру және қалпына келтіру; орманды зиянкестерден, аурулардан және өрттен қорғау; орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру; тағамдық және дәрілік жабайы өсімдіктер флорасының жеке түрлерін Солтүстік Қазақстан аумағында плантацияда өсіру технологиясын зерттеу. Институтта бірыңғай әдістемелік негізде Қазақстан ормандарының типологиялық жіктелімі, сондай-ақ орманды-экономикалық және орманды-так-сондық аудандастыру жұмыстары орындалады; жасанды орман алқаптары қалпына келтіріледі; өртке қарсы шаралар жүйесі жасалады; көгалдандыру және орман шаруашылығына клон мен гибрид сорттары таңдап алынып, селекциялық нысандар жүйесі құрылады; орман зиянкестерінің биологиясы зерттеліп, оларды жою әдістері ізделінеді Арал теңізінің құрғап, жалаңаштанған қазақстандық бөлігін қайтадан көгалдандыру үшін суғармалы екпе ағаштар түрлері мен оның технологиясы туралы ұсыныстар берілді. Сондай-ақ институтта өртке қарсы қолданылатын минерализатор, суғармалы жерлерде орман отырғызуға арналған машиналар жасалды. Институт ғалымдары 11 авторлық куәлік пен патенттің иегерлері.

Қазақ өсімдік қорғау өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты

Қазақ өсімдік қорғау өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. Республикалық өсімдік қорғау станция негізінде 1958 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Рахат ауданында құрылған. 2002 жылдан институт егіншілік және өсімдік шарушылығы ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. Институт құрамында: энтомология, фитопатология, экотоксикология, арамшөптермен күресу бөлімдері; биотехнология және шегірткелер экологиясы лабораториялары; сондай-ақ «Қостанай» (Қостанай облысы) бөлімшесі бар. 1958 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары: өсімдіктерді, ауыл шаруашылығы дақылдарын түрлі зиянкестер мен аурулардан, арамшөптерден қорғаудың тиімді әдістерін тауып, өндіріске енгізу; ауыл шаруашылығы өнімдерін және жайылымдарды аймақтық ерекшеліктерге лайықты интегралдық жүйеде қорғауға бейімдеу. Институт дәнді, техникалық дақылдарды, қант қызылшасын, жүгеріні, жоңышқа мен эспарцетті, т.б. өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың агротехникалық, биологиялық, химиялық әдістерін өндіріске енгізді, биоагенттер мен микроорганизмдер, микробиологиялық препараттарды пайдаланудың жаңа тиімді тәсілдерін ұсынды. Зиянкестерден (әсіресе, шегіртке) арылудың жаңа әдістері іздестірілуде. Институтта өсімдік зиянкестерін жою мерзімін болжау мақсатында матем. модельдеу, электрондық есептеу машиналары, авиациялық барлау әдістері кеңінен қолданылады. Институт ғылыми жұмыстар жинағын, өсімдік қорғау мәселесіне арналған монографиялар, әдістемелік нұсқау кітапшаларын шығарады.

Қазақстан даму институты

Қазақстан даму институты (ҚДИ) – Қазақстанның тұңғыш тәуелсіз ғылыми-талдау мекемесі. 1994 жылы тамызда құрылған. Институт ғылыми-талдау зерттеулері барысында: Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының маңызды мәселелері бойынша мониторинг, жедел талдау және сараптамалық бағалау жүргізу; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне және Орталық Азияның аймақтық мәселелеріне баға беру; қоғамдық даму мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыру; аймақтық зерттеулер жасау; консалтингтік қызмет саласында: мақсатты саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға идеологиялық бағыт беру, имидж-жобалар әзірлеп, жүзеге асыру; халықаралық даму қорларының жобаларына қатысу; баспа қызметі саласында: энциклопедиялық сипатта басылымдар дайындап, жариялау; оқу-әдістемелік әдебиет шығару; білім беру бағытында: қоғамдық ғылымдар аясында, соның ішінде экономика саласы бойынша аспирантура мен докторантура негізінде ғылыми-талдау зерттеулерін жүргізетін мамандар даярлау жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан даму институтында 1995 жылдан «Саясат-Polіcy» ақпараттық-талдау (ай сайын), «Евразийское сообщество: общество, политика, культура» ғылыми-теорриялық журналдары (тоқсан сайын) шығып тұрады.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты

Үлгі:Main Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты, ҚР Президенті жанындағы (ҚМЭБИ) – жоғары оқу орны. 1992 жылы 1 қаңтарда құрылған. Алғашқы кезде тек магистрлер даярлады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Үлгі:Main Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты – жетекші ғылыми-зерттеу және талдау мекемесі. 1993 жылы 16 маусымда құрылған.

Қазақ су шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты

Үлгі:Main

Қазақ су шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтысу және орман шаруашылығы мәселелерін зерттейтін ғылыми-тәжірибелік мекеме. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1950 жылы Алматы қаласында құрылып, 1961 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласына көшірілген.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер</span>

<references/>1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ ғылыми-зерттеу институттары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}