Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғыс"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:12, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы

Қазақ хандығындағы 1-ші азаматтық соғыс (1522−1538) — Қазақ хандығындағы Әз-Жәнібек ханның ұрпақтары арасында болған тақ үшін таластан туындаған қырқыс. Соғыс Қасым ханның өлімінен кейін басталды.

Алғышарттар

Қазақ хандығы 16 ғасырдың басында кез келген қарсыласқа тойтарыс бере алатын аймақтағы қуатты держава болды. Бұл уақытта хандықты Қасым хан басқарған еді. Ол Шығыс Дешті Қыпшақтағы барлық тайпалар мен халықтарды бір мемлекет — Қазақ хандығының айналасына біріктірді. Мемлекеттің тұтастығы Қасымның абыройымен сақталынса да, алайда ол қайтыс болғаннан кейін Әз-Жәнібек ұрпақтары арасында таққа талас басталды. Бұл соғыс Әбу Саид ұрпақтары арасындағы азаматтық соғыс болды.

Барысы

Қасым ханның мұрагері Мамаш хан Ноғай ордасына қарсы тұра алмады. Орда Торғайға дейінгі аумақты өзіне қаратты. Мамаш ханнан кейінгі Тахир ханның кезінде Ойрат мемлекеті Қазақ хандығына шабуыл жасады. Осы сәттен бастап қазақ-ойрат соғысы басталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер