Қазақ технологиялық ауыл шаруашылық техникасын пайдалану және жөндеу ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақ технологиялық ауыл шаруашылық техникасын пайдалану және жөндеу ғылыми-зерттеу институты 1962 жылы 12 желтоқсанда құрылды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: ауылдық тауар өндірушілерді инженерикалық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасап, ұйымдық-техникалық шаралар кешенін өндіріске енгізу; тозған бөлшектерді қалпына келтірудің жаңа технологиясын жасау; машиналарды жөндеудің бірыңғай құралдары кешенін және көпсалалы технологиясын жасау; жағармайлардың сапасын тексерудің экспресс-бақылау тәсілдері мен приборларын жасау; жағармайларды қайта пайдалану мен тазалауға арналған жабдықтар жасау, сондай-ақ жанар-жағармайларды сертификаттық сынақтардан өткізу. Институт ұжымында барлығы 80 адам жұмыс істейді. Олардың арасында 40 ғылыми қызметкер, 1 ғылыми докт., 5 ғылыми канд. болды. 1 ғалымға КСРО Министр Кеңесінің сыйлылығы берілген. Институтта машиналарды жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған жабдықтар дайындау бойынша 55 конструкторлық құжаттар жасалынды. Жабдықтардың 63 тәжірибе үлгілері жасалынып, олардың бірқатары МИС-39 өндірістік сынағынан өтті. Қазақстан мен Ресейдің 16 патенті мен 29 авторлық куәлігі алынды. Машиналарды жөндеу және тозған бөлшектерді қалпына келтіру технологиялары мен жабдықтарын жасау бойынша 12 жаңалық өндіріске енгізілді. Жанар-жағармайды жылытқыш, катерлі газ шығындары индикаторы, май сапасын бақылау кешені өндіріске қосылды. Тың ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институты 1961 жылы 29 сәуірде құрылды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: жүгері өндірісі процесін кешенді механикаландыру; құрама жем дайындау процесін кешенді механикаландыру; сүт фермаларындағы өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу процестерін механикаландыру. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}