Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы – қоғамдық мекеме. 1972 жылы 7 қаңтарда құрылған.


Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді қорғау ісіне қатысуға тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдарын көпшілікке жеткізумен шұғылданады. Мемлекеттік ескерткіш қорғау органдарының жұмысына жәрдемдеседі, ескерткіштердің сақталуына, пайдаланылуына, жөнделуіне және қалпына келтірілуіне қоғамдық бақылау жасайды, тарих және мәдениет ескерткіштері туралы ғылыми-танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның негізінде Отанына, тарихына сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеу шараларын жүргізеді. Барлық облыстарда және Алматы қаласында қоғамның бөлімшелері құрылды. “Жалын”, “Жазушы”, “Өнер”, “Қазақстан” баспаларынан тарихи және мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар жарық көрді. Қоғам “Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштері” атты үш жинақты, “Атамекен”, “Мұр” атты тарихи публицистикалық альманахтарды әзірлеп, жарыққа шығарды. Жыл сайын өткізілетін өткізіліп тұратын “Марғұлан тағлымы” атты ғылыми конференция ұйымдастырып қаржыландырып келеді.

Әр түрлі археологиялық экспедицияларға қатысты. Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата, Алматы облысындағы Черкасск қорған-мемориалы, Атырау облысындағы Исатай Тайманов ескерткішінің құрылысы, Ақтөбе облысындағы Есет Көкіұлы батыр бейіті, т.б. қоғам қаржысына орнатылды. Сол сияқты Астанадағы Кенесары ескерткішін, Семейдегі атом сынақтарының құрбандарына арналған монументті, Алматыдағы Тәуелсіздік Монументін жасауға қатысты.

ҚазТМЕҚҚ құрамы

  1. Төраға - Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан
  2. Төраға орынбасары - Баян Шотақызы Уәлихан
  3. Төраға орынбасары - Асқар Ксрауович Әлмұхамбетов (1936-2011)
  4. Төраға орынбасары - Түлембаева Айгүл
  5. Аудармашы-референт - Тәттібаева Нұрбану.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 5 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті