Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1974 жылы құрылды.
Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары:

  1. сиырдың Алатау, қара ала, симментальдік және етті (қазақтың ақбас, әулиекөл, санта-гертруда, галловей сиырлары) тұқымдары төлдерінің генофондын құру мен жетілдіру барысында сұрыптау әдістері мен тәсілдерін зерттеу;
  2. сүтті және етті мал тұқымдарының жаңа тармақтары мен типтерін өсіру;
  3. өндіріс көлемі әр түрлі шаруашылықтарда экол. таза сүт пен сиыр еті өндірісінің тиімді технологияларын дамыту;
  4. сүтті және етті малды құнарлы азықтандыру жүйесін, азық дайындау мен олардың құнарлылығын арттыру технологиясын жасау.

Институтта 95 адам, оның ішінде 38 ғылыми қызметкер, 6 ғылыми докт., 17 ғылыми канд., Ұлттық ғылым академиясының 1 акад., 1 корр. мүшесі жұмыс істеді. Институт ғалымдары мүйізді ірі қара малдың «Әулиекөл» тұқымын, Санта-Гертруда сиыры тұқымдас «Жетісу» етті малының белдемдік тұқымішілік типін және мүйізді ірі қара малдың қазақтың ақбас сиыры тұқымының тармағын дамытты. Сүтті және етті мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы салаларында 11 ғылыми жаңалықты, азық дайындау технологияларын өндіріске енгізді. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 8 ғылыми докт. мен 13 ғылыми канд. даярланды. 3 монография, 6 ғылыми еңбектер жинағы, 186 ғылыми мақала, 9 ұсыныс жарияланды, 2 авторлық куәлік алынды.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}