Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Университет

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазККШҒЗИ) (Үлгі:Lang-en Үлгі:Lang-ru) - картоп, көкөніс және бақша шаруашылығы бойынша республикалық ғылыми орталық. Картоп, көкөніс және бақша шаруашылығы салалары бойынша Қазақстан Республикасының 11 ғылыми мекемесінің қызметін үйлестіреді <ref name=autogenerated3>Қазақстанның ауыл шаруашылығы - Алматы: "Баспа Шар" Баспа үйі, 2016. - 104-105 бб. ISBN 978-601-7359-03-4</ref> <ref>Региональная Программа по устойчивому развитию сельского хозяйства в Центральной Азии и Южном Кавказе - Члены Программы http://cac-program.org/ru/about/members</ref> <ref>B.M. Amirov, CONSERVATION AND USE OF VEGETABLE GENETIC RESOURCES IN KAZAKHSTAN http://www.actahort.org/books/944/944_12.htm</ref>.

Қалыптасу тарихы

  • 1946 жыл - Республикалық картоп және көкөніс шаруашылығы тәжірибе бекеті құрылды.
  • 1969 жыл - Республикалық картоп және көкөніс шаруашылығы тәжірибе бекеті базасында Қазақ картоп және көкөніс шаруашылықтары ҒЗИ құрылды.
  • 1999 жыл - ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1017 Қаулысына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Картоп және көкөніс шаруашылықтары бойынша ғылыми-зерттеу институты" республикалық қазынашылық кәсіпорны болып қайта құрылды.
  • 2002 жыл - "Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ" РМҚК болып атауы өзгертілді.
  • 2003 жыл - "Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік Орталығы" РМК-ның "Картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ" филиалы болып қайта құрылды.
  • 2006 жыл - "Картоп және көкөніс шаруашылығы зерттеу Орталығы" Еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып атауы өзгертілді.
  • 2007 жыл - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы №409 Қаулысына және "КазАгроИнновация" АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен "Картоп және көкөніс-бақша дақылдары ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) болып қайта құрылды.
  • 2008 жыл - "Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта тіркелді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Гендік қор, селекция және тұқым шаруашылығы

ҚаККШҒЗИ көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың өте бай, ең алуан түрлі, нағыз бірегей гендік қорына ие <ref>Web ИРБИС64</ref>. 2016 жылдың І-тоқсанында көкөніс-бақша дақылдарының әлемнің 100 елінен әкелінген көкөністердің 157 түрінің 12000 дана үлгілері институттың көкөніс-бақша дақылдары гендік қорын құрайды. Қазіргі уақытта әлемнің 40 елінен әкелінген 2100 үлгісі картоп гендік қорын құрайды <ref>Красавин В. Ф., Айтбаев Т. Е. ГЕНЕТИЧЕСКИЕ РЕСУРСЫ КАРТОФЕЛЯ И ИХ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ В КАЗАХСТАНСКОЙ СЕЛЕКЦИИ //ТРУДЫ ПО ПРИКЛАДНОЙ БОТАНИКЕ, ГЕНЕТИКЕ И СЕЛЕКЦИИ. Т. 174. – С. 79.</ref> <ref name=autogenerated1> СОТРУДНИЧЕСТВО АЦИРО – ВСЕМИРНОГО ЦЕНТРА ОВОЩЕВОДСТВА ДЛЯ ИССЛЕДОВАНИЙ И РАЗВИТИЯ ОВОЩЕВОДСТВА В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ И КАВКАЗЕ http://avrdc.org/?wpfb_dl=1286</ref>.


Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-ндағы селекциялық-тұқым шаруашылық зерттеулер дақылдардың 25 түрі: картоп, шалқан пияз, шалот пиязы, сарымсақ, қызанақ (ашық танап пен қорғаулы топырақта), ақ қауданды капуста, тәтті және ащы бұрыш, баялды, қияр (ашық танап пен қорғаулы топырақта), асқабақ, кәді, асханалық сәбіз бен қызылша, аскөк, шалғам, көк және бұршақты көкөністер, салат, қарбыз бен қауын бойынша жүргізіледі <ref name="autogenerated2">: Жетісу элитасы - Элита Жетысу - Издательство Золотая Книга, 2015. - сс. 206-207 ISBN 978-601-7059-72-9</ref> <ref>СПИСОК НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ И СЕМЕНОВОДЧЕСКИХ УЧРЕЖДЕНИЙ http://www.booksite.ru/localtxt/gar/den/ment/26.htm</ref>.


Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне» <ref>Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы</ref> картоп және көкөніс дақылдарының 159 селекциялық жетістік, оның ішінде ҚазККШҒЗИ-дың 143, оның ішінде:


ҚазККШҒЗИ тұқым шаруашылығы бойынша келесі дәрежелерге ие:

Картоп пен көкөніс дақылдарын суғарудың озық суүнемдегіш технологиялары <ref>Айтбаева А. Т., Бурибаева Л. А. Состояние и перспективы использования прогрессивных водосберегающих технологий в картофелеводстве Казахстана //Збірник наукових праць [Інституту біоенергетичних культур і цукрових буряків]. – 2012. – №. 14. – С. 243-246.</ref>; түрлі көкөніс және картоп ауыспалы егістері, тыңайтқыштар мен зиянды организмдерге қарсы өсімдік қорғау құралдарын пайдалану жүйелері <ref>Айтбаева А. Т., Ізбасаров Е. Ж., Шарипова Д. С. Эффективность удобрений пестицидов в системе крапельного орошения картофеля в условиях Юго-Востока Казахстана //Наукові праці Інституту біоенергетичних культур і цукрових буряків. – 2014. – №. 21. – С. 49-55.</ref>; тұқым өндірумен айналысатын шаруашылықтар үшін екіжылдық көкөніс дақылдарының қайта отырғызуды қажет етпейтін тұқым шаруашылығы технологиясы; суғармалы көкөніс шаруашылығында топырақтың құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіру тәсілдері <ref>Saparov A. Soil resources of the Republic of Kazakhstan: current status, problems and solutions //Novel measurement and assessment tools for monitoring and management of land and water resources in agricultural landscapes of Central Asia. – Springer International Publishing, 2014. – С. 61-73.</ref>; көкөністердің барлық негізгі түрлері бойынша өсіру технологиялары құрастырылды және жетілдірілді. Қазіргі уақытта «жасыл көкөніс шаруашылығы» құрастырылуда.

Ғылыми ынтымақтастық

Институт Ресей Федерациясы, Болгария, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Белорусь, Украина, Әзербайжан, Қырғызстанның жетекші ғылыми орталықтары мен мекемелерімен және халыақарылық Халықаралық картоп Орталығы (CIP), AVRDC-WVC, ICARDA ұйымдары мен АҚШ университеттерімен ынтымастықта жұмыс жасайды. AVRDC-мен (Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы Орталығы) ынтымақтастық нәтижесінде көкөніс дақылдарының жаңа 17 сорты шығарылды <ref name=autogenerated1 />. CIP-мен (Халықаралық картоп Орталығы) ынтымақтастық негізінде картоптың жаңа 7 сорты шығарылды. БӨШИ мен басқа да ҒЗҰ-мен ынтымақтасуы негізінде картоп және көкөніс-бақша дақылдары гендік қоры айтарлықтай толықтырылды және кеңейтілді <ref>Lin S. W. et al. Pepper (Capsicum spp.) germplasm dissemination by AVRDC–The World Vegetable Center: an overview and introspection //Chronica Horticulturae. – 2013. – Т. 53. – №. 3. – С. 21-27.</ref>.

Ғылыми мектептері

ҚазККШҒЗИ-да 3 ірі ғылыми мектеп бар, оның ішінде картоп селекциясы мен тұқым шаруашылығы мектебіне 50 жылға жуық уақыт болды, 5 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 1 PhD-доктор мен 7 ғылым магистрлары дайындалған, осында картоптың 70-тен астам сорты шығарылған; көкөніс дақылдары селекциясы бойынша мектеп 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасайды, 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты мен 8 ғылым магистрлары дайындалған, осындай көкөніс дақыладрының 20 түрі бойынша 100-ден астам сорты шығарылған; көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы мектебінде 4 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 2 PhD-доктор мен 5 ғылым магистрлары дайындалған.
Институттың 10 ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімдері мен зертханаларында 167 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде 4 ғылым докторлары, 16 ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, 1 PhD-доктор мен 27 ғылым магистрлары бар <ref name=autogenerated3 />.

Ғылыми кітапхана және қорғалатын құжаттары

Ғылыми кітапхананың жалпы қоры 72 мың дананы құрайды. Институт құрылғаннан бергі жылдарда 100-ден астам кітаптар мен ғылыми еңбек жинақтары, 250-ден аса кітапшалар мен ұсыныстар басылып шықты. Ғалымдардың мыңдаған ғылыми мақалалары еліміз бен шет елдердің түрлі басылымдарында жарияланды.

ҚазККШҒЗИ 194 қорғалатын нысанға ие. Ғылыми құрастырылымдарға 200-ден аса қорғалатын құжаттар авторлық куәліктер, селекциялық жетістіктер мен пайдалы модельдерге патенттер, инновациялық патенттер) алынды <ref name="База патентов Казахстана: Бобров Лев Гордеевич">Бобров Лев Гордеевич — Автор — База патентов Казахстана</ref> <ref name="База патентов Казахстана: Айтбаев Темиржан Еркасович">Айтбаев Темиржан Еркасович — Автор — База патентов Казахстана</ref> <ref name="База патентов Казахстана: Бабаев Сайлау Ахметович">Бабаев Сайлау Ахметович — Автор — База патентов Казахстана</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер