Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.

Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».

XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылытын білдіріп отырды. Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелен қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта және жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Жоғарыда атап өтілгеніндей, қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу, т.б. университеттерінде, техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы XX ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ә. Ермеков, X. Досмүхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған еді.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>