Қазақ ет және сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу конструкторлық институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ет және сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу конструкторлық институты 1958 жылы құрылған. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: ет-сүт өнеркәсібінде ғылыми-технологиялық прогресс жаңалықтарын өндіріске енгізуді жеделдетуге арналған іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту; биологиялық құнарлы ет өнімдерін өндіру мен сүт өңдеудің технологиясын жетілдіру және т.б. Институт ғалымдары мал сою мен етті бастапқы өңдеуден өткізуге арналған сменалық қуаттылығы 1–3 т әр түрлі модификациялы құрал-жабдықтар мен технологияларды, шұжық тағамдарын өндіретін цехтар үшін әр ауысымда 1 т-ға дейін дайын өнім шығаратын технологиялық жабдықты, шұжық өндіретін арнайы технологиялық жабдықты, сары майды ауыстыратын – кілегей пастасы өндірістік технологиясын, шұжық және консерві өндірісіндегі дәстүрлі импорттық шикізат орнына пайдаланылатын отандық хош иісті-дәмді шикізаттан татымды заттар шығару, ет, сүт, балаларға арналған және диеталық тамақ өнімдерін өндіру технологиясы мен рецептураларын дамытып, өндіріске енгізді. Терілердің шеткі қалдықтары мен ішек өндірісінің қалдықтарынан щұжық қабығы өндірісіне арналған қабыршақ түзуші коллагендік ерітінділерді дайындау технологиясы жасалып, бекітілді. Кейінгі кездері институтта 72 адам, оның ішінде 55 ғыл. қызметкер, 9 ғыл. канд. жұмыс істеді.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}