Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ елінің қоғамдық құрылымы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Ғалымдар қазақ елінің қоғамдық құрылымын шамамен жеті баспалдаққа бөледі:ауыл,ата-аймақ, ру, арыс,ұлыс,жүз, хандық,Ауыл-ең жақын қандас он отбасынан тұрады.Әр ауылдың басқаратын адамы өмір көрген, беделге ие, ауқатты,адал адамы болады.Ол ауылбасы деп аталады. Ауылбасы ауылдастарының шаруашылығын,маусымдық көшіп-қону уақытын,адамдар, арасындағы дау-жанжалды,ауылға түскен салықты дер кезінде төлеп отыру сияқты жұмыстарды реттеп отырады.
Ата-аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құрылады.Ата-аймақтың басшысы-ақсақал.Ол өте жоғары мәртебеге ие,орта жастағы адам болуы керек Ру он үш, он төрт аймақтан құралады.Оның басшысы ұлыс деп аталады.
Арыс бірнеше рудан құралады.Оның басшысы-би.
 Ұлыс бірнеше арыстан құралады.Ұлыстың билеушісі-сұлтан.Сұлтан әдетте ақсүйектерден сайланады.
 Жүз бірнеше ұлыстан құралады.Жүзді хан билейді.
  Хандық үш жүзден тұрады.Оны хақан (ұлы хан) билейді. Осылардан кейін халық арасында "Ұлттың құтты-хан, рудың құты-ұлыс,аймақ құты-би,ауыл құты-бәйбіше" деген қанатты сөз бар.