Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу технологиялық ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1962 ж. Бүкілодақтық машина-трактор паркін пайдалану және жөндеудің технологиялық ғылыми-зертеу институтының Тың бөлімшесі болып құрылған.


1992 ж. бұл бөлімше Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы құрамына кіріп, 1992 ж. 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің №315 қаулысымен қазіргі атымен қайта құрылды. 2002 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамына бөлімше болып кірді. Институт Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқан.


Институттың негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының машина-техника қызмет ету саласын ғылыми-техника прогреспен қамтамасыз ету; өндіріске озық технология процестерді; машиналарды жөндеу және оларға қызмет көрсетуге арналған жаңа құралдар мен нормативтік-техника құжаттарды игеріп өндіріске енгізу. Институт құрамында 5 ғылыми-зертеу зертханалары, жобалау және өндірістік-тәжірибе бөлімдері бар (2008).


Негізгі зерттеу жұмыстары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • ауыл шаруашылығында инжинер-техникасы қызмет жасау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникасы шаралар кешенін жасау;
  • тұрақты және жылжымалы өндірістік жағдайда машиналарға техника қызмет көрсету технологияларын игеру;
  • агротехника қызмет көрсету кәсіпорындарында және шаруашылық шеберханаларында машина жөндеудің технологиясы мен құралдарын меңгеру;
  • ескірген бөлшектерді қалпына келтірудің жаңа технологияларын игеру және оның материалдық-техникасы негізін жасау;
  • машиналарға техника қызмет көрсетудің нормативтік-техника және технология құжаттарын жасау;
  • машиналарды пайдалану кезінде жанар-жағармайларды тиімді жұмсауға бағытталған шараларды игеру.


Соңғы 10 жылда институтта ауыл шаруашылық технология жабдықтарын жөндеудің 70-тен астам тәжірибелік нұсқалары жасалып, оның 40 түрі сынақтан өтіп өндіріске ұсынылды. Институт қызметкерлерінің 25 өнертабыс ұсыныстары патенттерге ие болды.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}