Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1956 жылы 22 қыркүйекте құрылды. Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: Солтүстік Қазақстанның агроландшафттарының топырақ қорғау-суландыру құрылымының ғыл. негізін жасау; астық пен мал азығы өндірісін ұлғайту, топырақ қарашірігін сақтау, пайданы арттыру мен энергоресурстар шығындарын азайтуға бағытталған егіншілік жүйесін дамыту; дәнді және мал азықтық дақылдарды өңдеу машиналары жүйесін жетілдіру; далалы аймаққа бейімделген қолайсыз жағдайларға төзімді дақылдар сорттарын алу мен олардың тұқымдарын өсіру. Институт ғалым А.И.Бараевтың есімімен аталады. Соңғы жылдары институтта 249 адам, соның ішінде 79 ғылыми қызметкер, 5 ғылыми доктор, 23 ғылыми кандидаттары қызмет етті. Институтта КСРО және Лениндік сыйлығының 3 лауреаты жұмыс істеген. Институт ғалымдарының зерттеулері бойынша Солтүстік Қазақстанда топырақ ылғалын молайту мен оны дәнді дақыл өсіруге пайдалану, Солтүстік Қазақстан жағдайында қыстық бидайды өңдеу технологиясы және жаздық бидай егістіктерінде өсімдіктерді қорғау әдістерін қолдану, Ақмола облысы шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкес шегірткелерден қорғау жүйесі, Солтүстік Қазақстанда топырақты жел және су эрозиясынан сақтау, Солтүстік және Орталық Қазақстанда минералды және органикалық тыңайтқыштарды дәнді дақылдарды өсіруге пайдалану, сортаң егістік жерлерде мал азығын өндіру, т.б. ұсыныстар жасалды. 15 ғылыми-зерттеу нәтижелері өндіріске енгізілді. Жаздық жұмсақ бидайдың 10, жаздық бидайдың 5, арпаның 4, сұлының 2, тарының 3, қарақұмықтың 1, мал азықтық дақылдардың 10 сорты шығарылды. Институтта аспирантура мен докторантура бар, 2 ғылыми доктор және 12 ғылыми кандидаттары даярланған. Ғалымдардың еңбектері 10 монографияда, 5 ұсыныс-пікірде баяндалып, оларға 29 авторлық куәлік берілген.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}