Қазақ астық және оны өңдеу өнімдері ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ астық және оны өңдеу өнімдері ғылыми-зерттеу институты 1958 жылы 1 маусымда құрылды. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: агроөнеркәсіп салалары мен нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту; жиналған астықты сақтау, тазалау және өңдеуге арналған тиімді технологиялар мен технологиялық құралдарды дайындау. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу ин-ты (Қазақ ЕШҒЗИ) 1935 жылы 1 ақпанда құрылды.
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

  1. егін шаруашылығының генофондын құру, пайдалану және сақтау;
  2. физиология, генетика, биохимия, биотехнология, т.б. биол. ғылымдарының қазіргі заманғы әдістерін пайдаланып, дәнді, дәнді бұршақ, жарна, дәрілік, техниканың дақылдардың өнімділігі жоғары, төзімді, бейімделгіш жаңа сорттары мен гибридтерін алу;
  3. өнімділігі жоғары да сапалы тұқымдар өндірісі; топырақтық-климаттық белдемдер бойынша егін шаруашылығының аймақтық тиімділігі жоғары топырақ, су, ресурс үнемдеуші агроландшафтылық жүйелерінің негізгі буындарын дамытып жетілдіру;
  4. топырақ құнарлығының ұдайы ұлғаймалы жаңартуды ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдар өнімінің тұрақты түсімін қамтамасыз ететін тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану жүйелерін, негізгі егіс дақылдарын өңдеудің ресурс пен энергияны үнемді жұмсайтын, экологиялық таза технологияларын жасау және оны экол. тұрғыдан бағалау.

Соңғы жылдары институтта барлығы 187 адам, соның ішінде 63 ғылыми қызметкер, 17 ғылыми доктор, 37 ғылыми кандидат, Қазақстан ҰҒА-ның 1 академик, 1 корр. мүшесі жұмыс істеді. Институт ғалымдары өткен жылы егілген астық (қыстық бидай, сұлы) пен картоп танабында келесі жылы тамыржемістілердің шіруі азайып, қант қызылшасының өнімділігі артатынын (Қазақ ЕШҒЗИ-дің Талдықорған бөлімшесі) анықтады; сабанның, сидеральды дақыл (бұршақ, жоңышқа, сұлы) масақтарының топырақ құнарлығын сақтау мен қант қызылшасының өнімділігін арттыру үшін жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалануға тиімділігі (Қазақ ЕШҒЗИ-дің Талдықорған бөлімшесі) анықталды; мақта (Мақтаарал тәжірибе ш.) мен ауыспалы дақылдар өсіруге тыңайтқыштар пайдалану бойынша ұсыныстар жасалды. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 23 ғылыми доктор мен 76 ғылыми кандидаттары даярланған. Ғалымдардың сіңірген еңбектерінің нәтижелері жарияланған 18 ғылыми еңбектер жинағы, 5 нұсқау, 519 мақалаларда баяндалған. Олардың жаңалықтарына 48 авторлық куәлік берілген.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}