Қазақстан шахта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Қазақстан» шахта (1971 жылы дейін №1/2 Тентек шахтасы), 1996 жылдан «Митгал Стил Теміртау» Ақ Көмір департаментіне қарайды (Шахтинск к.). Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 50 км жерде орналасқан. «Қазақстан» шахта жобасын «Карағанды мемлекеттік шахта жобалау» институты жасаған. 1957 жылы салына бастап, 1969 жылы пайдалануға берілді. Жобалық қуаты жылына 27 млн т көмір. Д6 және Д11 қабаттарын және 1,13 қуаттылықпен еңдейді. Шахта алаңында бір-біріне жақындастырылған 5 орталық оқпан мен басты квершлагтар қазылған. Негізгі өндіріс алаңына орналастырылған 4 оқпанға, 1 скипті және 3 көтергіш қойылған. Оқпандар қимасы 23,7-38,3 м2, терендікте 237-477 м. Шахта көмір мен газдын кенеттен атылуы көмір тозаңының жарылуы жағынан қауіпті шахталар қатарына жатады, ал Д6 жөнінен қабаты ерекше қауіпті қатарына жатады. Проходқа забойлары қопарылыс қауіптілігін ағымдағы болжау және қопарылысқа қарсы шаралар орындала отырып жүргізілді. Екінші әдіс ретінде АКМ аппараты АГК операторы тетігіне шығару жолымен пайдаланылады. Жаңа технологияны қолдану проходқа қарқынын айына 150 м-ге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Д6 қабаты бойынша газ бөлінуі 40-60 м3/мин, сондықтан жұмыс қауіпсіз болу үшін кешенді дегазация қолданылады. Көмір алынатын учаскелерде ауаның сапасы автоматты түрде бақыланып, АГК операторы компьютеріне шығарылады. Кәсіпорын «шахта - лава» жүйесі бойынша жұмыс істейді. Лаваларда «Глиник» механик. кешені; SL — 300 (Германия) комбайны және «Глиник» пен ДВТ фирманың ОН струг кондырғысымен жүргізіледі, дайындық қазбалары ГПК, КСП-32, ЧПП-2, П-110-01 комбайндарымен жүргізіледі. Тасымалдау қазбалары ленталы конвейерлермен жабдықталған. Көмір департаменті құрамыңда болған жылдары лаваның тәуліктік жүктемесі 3000 тоннаға, лавада жылдық өнімділік 1 млн тонна және одан астам болды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}