Қазақстан азамат соғысы жылдарында

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Антикеңестік күштер

Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.

  1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.
  1. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды. 

Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К. Сүтішев, И. Дубынин, П. Калюжная, Г. Ыдырысов, К. Шұғаев, И. Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.

Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.

22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.

1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» <ref>Трудовое Знамя, 1918, 17 мамыр; Голос Алтая, 1918, 15 мамыр.</ref>. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.

Әскери коммунизм саясаты

«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.<ref>Трудовое Знамя, 1918, 17 мамыр.</ref>.

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.<ref>Трудовое Знамя, 1918, 7 сәуір, 1 және 18 мамыр; Вестник Семиреченского трудового народа, 1918, 25 қазан.</ref>. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.<ref>КР ОММ, 15-к., 2-т., 422-іс, 33-п.</ref>.

1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».<ref>Трудовое Знамя, 1918, 9 сәуір; Омбы облыстық мемлекеттік мұрағат, 284-к.,1-т., 3-іс, 100-п.</ref>. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.

Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.

Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістанды большевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.

Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».<ref>КР ОММ, 1416-к., 1-т., 14-іс, 56-п.</ref>.

Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».<ref name="Елеуов Т. Көрсет. енбегі, 497-6">Елеуов Т. Көрсет. енбегі, 497-6.</ref>. Омбы, Зайсан, Өскемен, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.<ref>КР ОММ, 1416-к., 1-т., 14-іс, 57-п, 10-іс, 1, 2-п.; Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Казахстане. Сб. документов, 302-6.</ref>.

Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.

Кеңестерге қарсы күрес

Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді.

Екіншіден, желтоқсан съезі автономия туралы шешім қабылдай отырып, мемлекеттік күйреуіне, тоқырауға тұтастай бетімен кетушілікке (анархия) алып келген елдегі жағдайға берілген саяси бағаны басшылыққа алды. Большевизм осы анархиямен теңестірілді. Большевиктер билігін құлатып, кадет-әсерлер үкіметін орнату ақгвардияшылардың есебі бойынша олар анархия мен бүліншілікке тоқтау салады, соған сәйкес автономия идеясы қажет емес деп есептеді. Үшіншіден, облыстық және уездік орталықтарға алашордалық басқару органдарын құру туралы жеделхаттарын жібере отырып, Ә.Н. Бөкейханов пен оның жақтастары өздерінің қолданып отырған шараларының уақытша сипат алатынын көрсетті. Төртіншіден, жеделхаттарда биліктің ұлттық органдары «жергілікті земстволық қалалық өзін-өзі басқару ісіне араласпайды»,<ref>Омбы облыстық мемлекеттік мұрағат, 284-к., 1-т., 3-іс, 101-п.; КР ОММ, 1416-к., 1-т., 14-іс, 57-п.; Перовская большевистская организация. Кзыл-Орда, 1957, 60-6.</ref>. өз қызметін тек қазақтар арасында ғана жүзеге асырады делінді. Елде бір орталықтан баскарылатын билік органы болмады. Ақмола мен Семей облыстарында Сібір үкіметімен қатар Сібір қазақ әскерінің билік аппараты да қызмет етті. Оралда Орал қазақ әскери билігі мен Алашорда үкіметі орнады. Жағдай былайша өрбіді: Заңдылық пен билік қала мен поселкелерде бір түрлі, станицаларда екінші түрлі, ауылдарда үшінші түрлі әрекет етті. Ұлт өкілдері аралас елді мекендерде, ондайлар аз болмайтын, адамдардың қандай да болсын бір билікке бағынудан бас тартқан кездері жиі болып тұрды, олар өзіміздің өкіметіміз бар дегенді алға тартты.

Елдегі бұл бей-берекетсіздікті ретке келтіруге және билік жүргізу ауқымын шектеуге күш салған Омбы облыстық қазақ комитеті атынан Абылайханов пен Сәдуақасов 1918 жылы 29 маусымда қол қойып, облыстық комиссариатқа (Сібір үкіметінің органы. — авт.) жіберген хатында былай деп атап көрсетеді: «Кейбір станидалық және поселкелік басқармалар, сондай-ақ шаруалардың болыс селолық комитеттері қырғыздардың (қазақтардың) жекелеген шағымдары бойынша уездік және облыстық қазақ комитеттерінің келісімінсіз ауылдарға қарулы отрядтар жібереді.

Бұл әрекет дұрыс емес және мұндай келенсіз көріністер бұл билік басында тұрған қырғыз (қазақ) органдарының беделін түсіреді деп есептей отырып, облыстық комитет комиссариаттан алдағы уақытта мұндай шара қолданбауды, қолдану қажет болған жағдайда, ол туралы уездік немесе облыстық қазақ комитетіне дер кезінде хабарлауды сұрайды.

Қазақтардың әскери аппаратынан да станицалық және поселкелік басқармаларда осындай оқиғаларға жол бермеуін өтінеді».<ref name="Елеуов Т. Көрсет. енбегі, 497-6"/>.

Комиссар осындай жағдайда не істеу керек екендігін үкіметтен сұрағанда, оған: «Уездік және облыстық қырғыз (қазақ) комитеттері дербес ұйымдар, не істеу керегін өздерің шешіндер» деген жауап келген.<ref>КР ОММ, 1416-к., 1-т., 14-іс, 5-п.</ref>.

Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты.<ref>КР ОММ, 1416-к., 1-т., 14-іс, 57-п.; Омбы облыстық мемлекеттік мұрағат, 284-к., 1-т., 3-іс, 99, 102-п.</ref>. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.

Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді.<ref>КР ОММ, 1416-к., 1-т., 14-іс, 43, 56-56-п.</ref>.

Бұл мақаланың жариялануына Алашорда басшылығының 1918 жылы 23 шілдеде Сібір үкіметінің премьер-министріне жолдаған хаты себепші болды. Онда Алашорданың басшылығы басқару органдарын құру мен Алашорда үкіметінің заңдылығын дәлелдеуге тырысты. «Дәл қазіргі сәтте Ресей бірыңғай біртұтас мемлекет ретінде өмір сүріп отырған жоқ. Сол себепті автономиялық облыстар мен халықтар большевиктер билігінен құтылып, өзін-өзі басқару жолына түсуге тиіс...

Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық үкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз.

  1. Сібір үкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі тану, мойындау

аркылы карым-катынаска түседі».<ref>Алаш-Орда. Сб. документов, А., 1992, 138-6.</ref>.

Келесі бес пункттің мазмұны мына тұрғыда болып келеді:

  1. Алашорда тек казак халкының ғана билік органы болып табылады;
  2. ұлттық әскер жалпы сібірлік басқарма мен Алашорданың әскери бөліміне бағынады;
  3. банк пен қаржы-қаражат мекемелері Сібір үкіметінің қарамағына беріледі;
  4. федералдық үкімет құру үшін большевиктерден тазарған өңірлер халықтарының конгресін шақыру қажет.<ref>Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в период иностранной военной интервенции и Гражданской войны // История Казахской ССР в пяти томах. Т. 4, А„ 1977.</ref>.

Бұл жазбада не нәрсе өзіне назар аудартады?

Біріншісі - өзін танытуға тырысу, яғни Алашорда үкіметі келіссөз жүргізу барысында өз мемлекеттілігін көрсетуге ұмтылды. Екіншісі — Алашорда бірыңғай ресейлік биліктің күйреуі жағдайында дербес өмір сүру заңдылығын дәлелдеуге талпыныс жасады. Үшіншісі — Алашорда билігін қалыптастыруға тырысты. Төртіншісі — Қазақ автономиясын тану қажеттігін, жергілікті жерлерде автономияның қалыптасу үрдісі басталғанын дәлелдеуге ұмтылды: «Біздің Сібір үкіметімен ұзаққа созылған келіссөздеріміз Орал облысындағы Алаш автономиясын жойды. Мүмкін, большевиктерден азат етілген қырғыз облыстары Алаш автономиясын күтіп отырмастан, Түркістанмен жақындасудың бағыт-бағдарын іздер».<ref>Алаш-Орда. Сборник документов..., 108-109-6.</ref>. Бесіншісі — Ресей Алаш автономиясын мойындамаған жағдайда Түркістаннан айырылады, ал Сібір Алаш сияқты одақтасын жоғалтады: «Автономияның құлау қаупі Алаш партиясына қалай болғанда да Алашорданы Сібірмен одақ болудан бас тартуға, Алаш автономиясын жариялауға және қырғыз халқының бірлігін сақтап қалуға тырысуға мәжбүр етеді.

Сібір үкіметінің Алаш автономиясын мойындауы Түркістанды Ресей аумағындағы федерациялық құрылым ретінде орнығуына мүмкіндік берер еді».<ref>Сонда, 109-6.</ref>.

Хатавторлары кандай нәтиже күтседе, ол өз рөлін атқарып шықты. Майдандағы жағдай сенімсіз болды, сібірлік ақ гвардияшылар жақын тұрған одақтасын жоғалтып алғысы келмеді. Олар бірқатар шара қолдануға дейін барды. Премьер-министр П.В. Вологодскийдің өкімімен алғаш «бұратаналар ісі» бойынша министр Б.М. Шатиловтың, кейін халық ағарту министрлігінің басшысы профессор В.В.Сапожниковтың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері: Ішкі істер министрінің орынбасары В.Д. Михайлов, Министрлер кабинеті қоныс аудару бөлімінің меңгерушісі A.M. Ярмош, әскери ведомствоның өкілі генерал В.Л. Поповтан құрылды.

«Комиссияға білікті, жөн білетін адам ретінде Алашорданың басшысы Ә. Бөкейханов тартылды.<ref name="Сонда">Сонда.</ref>. Төрт күн бойы — 29,30 шілде, 2,3 тамыз күндері комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір үкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда үкіметінің келісімімен Сібір әскери үкіметі тағайындайтын болды.<ref>Сары-Арқа. 1918, 8 шілде.</ref>. Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір үкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілді. Алашордаға белгілі бір жеңілдік бере отырып, Сібір үкіметі басты саяси мәселеде өктемдік танытты.

Алашорда делегациясы (Бөкейханов оған Ә.А. Ермеков пен X. Тоқтамышевті қосты) мен Сібір үкіметі комиссиясының келісіміне Уфа мемлекеттік мәжілісінің басталу қарсанында қол жеткізілді.

Мәжіліс 1918жылы 8 қыркүйекте ашылды. Оның жұмысына 147адам қатысты, оның ішінде 81 адам Құрылтай жиналысының мүшесі болды. Оған барлық қазақ облыстары, оның ішінде Түркістан автономиясынан Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, С. Досжанов, Б. Жақандамов, А. Байтұрсынов, Ғ. Әлімбеков, М.Тынышбаев, М. Шоқай, Е. Тұрмұхамедовтар қатысты.<ref>Алаш-Орда. Сборник документов..., 95-6.</ref>.

Уфа мемлекеттік мәжілісінің қараған басты мәселесі Бүкілресейлік жоғаргы өкімет билігін құру болатын. Жаңа үкімет Директория деген атқа ие болды. Ол әсерлер партиясы ОК-нің мүшесі Н. Авсентьев төрағалық еткен бес адамнан тұрды.

Директорияның басты міндеттері былай деп жарияланды:

  1. Ресейді Кеңес өкіметінен азат ету үшін күресу;
  2. Ресейдің күшпен тартып алынған, ыдыраған және бөлініп кеткен облыстарын біріктіру;
  3. Брест келісімі мен Ресейдің мүддесіне қайшы келетін барлық басқа да келісімдерді мойындамау;
  4. Германия одақтастарына қарсы соғысты одан әрі жалғастыру».<ref>Сонда, 95-6.</ref>.

Уфа мемлекеттік мәжілісі күшті орталық мемлекеттік билік орнатуға қарсы тұрушылармен аяусыз күресетіндіктерін ашық мәлімдеді. Мемлекет тұтастығы, күшті мемлекет билігі көптеген адамдарды, солардың қатарында Алаш көсемі Ә. Бөкейхановты да аландатты. Ол оңтүстік облыстардың Түркістан құрамында болуы, қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолында көптеген проблемалар туғызатынын айқын түсінді. Алаштың батыс тобының күш салуымен құрылған автономиялық сипаттағы облыстық ұлттық аумақтық Ойыл уәлаяты да бұдан кем аландаткан жоқ. Ә.Н. Бөкейханов Уфада Ойыл уәлаяты жетекшілерінің жиынына қатысуын пайдалана отырып, Мемлекеттік мәжіліске Қазақстаннан келген барлық Алашорда мүшелерінің арнайы отырысын өткізді. 1918 жылы 11 кыркүйекте Ә.Н. Бөкейхановтың төрағалық етуімен Алашорданың басшылары Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, М. Тынышбаевтар автономияны басқару мен бүкіл Қазақстан көлемінде үкімет аппаратын құру мәселелерін талқылады. Осы мәселеге байланысты қабылданған қаулы 11 пункттен тұрды және автономиялық уәлаятты жойып, оның ісін Алашорданың қайта құрылған Батыс бөлімшесінің арнайы өкілетті органының басшылығына беру жағдайы қарастырылды. Өкілетті органның құрамы төрт адамнан: X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Б. Құлманов және Е. Тұрмұхамедовтерден тұрды.

Алаш көсемі Ә.Н. Бөкейхановтын бірқатар мәселені бірден шешкенін байқаймыз: ол Уфа мемлекеттік мәжілісінің облыстық үкіметтерді жою туралы шешімін орындады және ең бастысы, оралдық радикалдардың сепаратистік пиғылдарына елеулі түрде соққы берді. Досмұхамедовтар тобымен арадағы қатынасты тым ушықтырып алмау үшін, ол топтың екі басшысы Жанша мен Халел де Алашорданың Батыс бөлімшесі басшылығының құрамына енгізілді, бірақ бұдан былай олар Ә.Н. Бөкейхановтың жақтастары Б. Құлманов пен Е. Тұрмұхамедовтың бақылауында болатын болды.

Алашорда Қазақстанның аумақтық тұтастығы проблемасын шешіп жатқан осы тұста мәселені түбірінен өзгерткен саяси оқиға өтіп жатты. Сібір әскерінің құрылуы мен нығаюы және әскері қатты женіліске ұшыраған Құрылтай жиналысы комитетінің күйреуімен байланысты Директорияның ішінде күштердін арасалмағы елеулі түрде өзгерді. Оның әсерлер партиясынан сайланған мүшелері беделден мүлде айырылды. Олардың нақты тірегі болмады. Директорияның Сібір үкіметін таратып жіберуге тырысқан әрекетінен ештене шықпады.

Н.Д. Авсентьев пен оның әріптестері Алашорда үкіметі жойылсын, оның кызметі мәдени-тұрмыстық және шаруашылық-экономикалық мәселелермен шектелсін деген шешімге келді.<ref>Сонда, 94-6.</ref>.

Алашорданы тарату туралы шешім Ә. Бөкейханов пен барлық Алаш қайраткерлеріне мүлде күтпеген жағдай болды.

Шын мәнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар-ақпанда Верныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды.

Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов пен Ә. Ермеков әскери бөлімнің меңгерушісі X. Тоқтамышевпен бірге 1918 жылы шілде мен тамызда Самарадағы Құрылтай жиналысының комитеті және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен Алашорда қарулы күштерін құруға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшесінің басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер Самарадан Құрылтай жиналысынын комитеті арқылы 600 винтовка мен пулемет алды және жақын уақытта 2000 адамнан тұратын қазақ әскерін ұйымдастыруға уәде етті.

Алашорданың Торғай бөлімшесіне 1918 жылы қыркүйекте 300 берденке, 20 мың патрон және көп мөлшерде киім-кешек бөлінген болатын. Дутовтың көмегімен екі атты полк: бірі – Қостанай, екіншісі - Ырғыз уезінде құру ісі қолға алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уақытша Сібір үкіметінің сенімді өкілі Давыдовтың көмегімен екінші бір атты полк құрылып, оның құрамы 38 офицер мен 750 жауынгерден тұрды.<ref>Сонда, 94-113-6.</ref>.

Бұдан басқа, Жетісу облысының шығысында екінші полк құрылды, ал оған қосымша Семейде үшінші полк жасақталынды. Торғайда төртінші атты әскер полкі құрылды; Орал бойында, Жымпиты унтер-офицерлер курсының базасында Оралдан, Гурьевтен және басқа жерлерден келген нұсқаушылардың көмегімен прапорщиктер мектебі ашылды; саны 2 мың адам болатын жекелеген атты бригадалар құрыла бастады. 1918 жылы 26 қазанда ұлттық әскер құру ісінің жағдайын Алашорда үкіметінін бір өкілі былай деп бейнелеп берді: «Қырғыздардан (қазақтардан) жасақталған бөлімдер дер кезінде қаруланып үлгермегендіктен, большевиктерге қарсы ұрыстарға кенінен қатыса алмады.

Қарудың неге жетіспей жатқан себебін жақсы түсінеміз. Қазіргі кезде большевиктерге қарсы күреске Жетісуда 500-дей адамы бар қырғыз (казак) отрядтары, Жетісу облысында 8 мы ерікті, Семейде - 2 мың, Оралда – 2 мың, Қостанайда - 450 адам қатысуда».<ref>Сонда, 108-113-6.</ref>. 1919 жылы 11 ақпанда Сібір Уақытша үкіметі делегаттарымен келіссөз жүргізу барысында Ә. Бөкейханов та шамамен осындай деректер келтірді. Ішкі істер министрлігі Сібір Уақытша үкіметінің төрағасы А. Малаховтың: «Милиция деген не?» деген сұрағына Ә. Бөкейханов былай деп жауап қайтарған: «Милиция — ол біздің әскеріміз. Ол қазірдің өзінде бар: біздің 700 жігіт Жетісуда шайқасуда. 540 адам Троицкіде, 2000 адам Орал облысында әскери жаттығудан өтуде».<ref name="Сонда"/>.

Сібір үкіметінен белгілі мөлшерде көмек алып тұрған Алашорда көсемдері оның орнына келген Директориядан ұлттық әскер құру ісінде ондай көмек ала алмады. Мұнымен қоса, Алашорданың билігін жою және Ә. Бөкейхановтың басшылығымен қазақ істерін басқарудың арнаулы органын құру туралы Директорияның қаулысынан кейін (1918 жылғы қыркүйек) ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесі мүлде тоқтап қалды. Бүдан кейінгі оқиғалардың бүкіл барысы ресейлік биліктің Алашордаға кері қатынаста болғанын көрсетті. Алашорда Ресейдің орталық мемлекеттік билігіне төнетін қауіп ретінде қарастырылды. Дәл осы көзқарас алғашында Директорияның, кейін Колчак үкіметінің ұстанымына айналды.

Ұлттық мемлекеттілікті құру мүмкіндігінен айыру қазақ халқынын басым көпшілігін Кеңес өкіметімен белсенді түрде күресуден шет қалдырды. Оның үстіне аз санды, нашар қаруланған «халық милициясының» құрамалары Қазақстандағы Азамат соғысының барысымен қорытындыларында қандай да бір елеулі рөл атқара алмады.

Қазақстандағы қарулы қақтығыс Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан қазақстандық майдандардағы ұрыс қимылдарының барысына Азамат соғысының басты майдандарындағы шайқастардың нәтижесі ғана шешуші ықпал етіп қойган жоқ, сондай-ақ жергілікті әскери құрамалар мен партизандардың іс-қимылдары және Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда, ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарын Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстаннан және Жетісу жерінен қуу кездерінде айқын көрінді. Кеңес үкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады. Мұндай әскери көмектердің айқын мысалдарының бірі Ә. Жангелдин экспедициясы болып табылады. Ол 1918 жылы 20 шілдеде мол қару-жарақпен Мәскеуден теміржол арқылы шығып, 1 тамызда Астраханға келеді. 21 тамызда экспедиция екі желкенді кемемен Каспий арқылы Александровскіге (қазіргі Ақтау қаласы), одан Құланды аралы арқылы Бұзашыға келіп, Жандауыр мүйісіне жүктерін түсіреді. Осында бір ай бойы даламен жүріп өтуге дайындалады. Экспедицияның табысқа жетуі енді жүк көлігімен және әр түрлі керек-жарақтармен қамтамасыз еткен жергілікті қазақтардың қолдауына байланысты болды.

11 карашада, 57 күннен кейін, аса киын дала жолымен жүріп өткен экспедициялық отряд өзін асыға күтіп отырған Ақтобе майданының әскері тұрған Шалқар стансасына келіп жетті. 1927 жылы Ә. Жангелдин осы экспедицияны ұйымдастырғаны және Отан алдында басқа да сіңірген еңбектері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.

1919 жылы Степан Разин атындағы алғашқы орынборлық қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919 жылы сәуір-шілде аралығында Оралды қорғауға қазақ эскадроны қатысты, кейінірек ол алғашқы кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылды.

Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.

Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды. Ол Ақмола, Семей облыстарында да кең етек алды. Партизан қозғалысының тарихында Ақмола облысының Атбасар уезіндегі Маринский көтерілісі үлкен орын алады. Партизан қозғалыстары Семей облысының Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зыряновск, Катонқарағай, Шемонайха болыстарында едәуір көлемде epic алды. Қазақстандағы Азамат соғысының тарихына Черкасск қорғанысы, Орал қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері сияқты оқиғалар кернекті сипат алды.<ref>Партизан қозғалыстары туралы толығырақ қараңыз: Пахмурный П.М. Коммунистическая партия — организатор партизанского движения в Казахстане. А., 1965, 455- б.; Елагин А.С. Из истории героической борьбы партизан Семиречья. А., 1957, 49-6.; Бұл да соныкі. Красные горные орлы Тарбағатая. А., 1961, 51-6.</ref>.

  1. жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында майдандардағы оқиғалар, әрине, ақтардың пайдасына қарай epic ала қоймады. Ақ гвардияшылардың аса қуатгы күші — қайта топтастырылған және қосымша күштермен нығайтылған А. Колчак әскері Орынбор мен Орал қазақтарына дер кезінде көмек көрсете алмады, осы себептен Қызыл әскерлер екі қазақ әскерінің

де әкімшілік орталықтарын басып алып, бүкіл Орынбор—Ташкент магистраліне өз бақылауын орнатты. Оралдық қазақтарды Орынбор мен Сібірден бөліп тастады және Түркістан мен Жетісуда өз позициясын нығайтуға мүмкіндік алды. Кеңес басшылығы Мәскеуде 1918 жылдың қорытындыларын талдай келіп, ұлттық-мемлекеттік құрылыс реформасын тез арада қолға алу, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстанда ұлттық автономияны тездетіп құру туралы шешімге келді. Бұл бағыт РК(б)П VIII съезінің (1919 жылғы наурыз) шешімдері арқылы бекітілді. Азамат соғысында жеңіске жете бастаған большевиктер ақ гвардияшылардан және түрлі үкіметтерден қатты көңілі қалған алаштықтармен байланыс орната бастады. Өз кезегінде Ә. Бөкейхановтың айтуымен Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш азаматтары Кеңестік билікпен келісімге баруға мәжбүр болды.

  1. жылы наурызда Шалқар стансасында Кеңес комиссары Ә. Жангелдинмен кездескен А. Байтұрсынов Мәскеуге жүріп кетіп, онда Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариаты Қазақ бөлімінің құрамына енгізілді.

Алашорда көсемдерінің жағдайы 1919 жылы көктемде бірқатар себептерге байланысты мүлде күрделеніп кетті. Колчактык режим шын мәнінде монархиялық билікті қайта орнатуды көксеушілердің диктатурасы болды. Ол 1918 жылы қарашада билікке келген бетте Сібір мен Қазақстанның солтүстігінде Кеңес өкіметін құлатуда көрнекті рөл атқарған әсерлерге қарсы жазалау шараларын бастады.

1919 жылы наурызда тұтқынға алынғандардың ішінде кейбір Алаш белсенділері де болды, олар: азаматтық іс бойынша қазақ сотының төрағасы Ж. Ақбаев және «Сарыарқа» газетінің редакторы Имам Әлімбеков еді. Оларды большевизмге қатысы бар деп кінәлады. И. Әлімбековке бұған қосымша заңсыз қару сақтаған, әсерлер ұйымымен астыртын байланыс орнатқан және үкіметке қарсы листовка құрастыруға қатысқан деген айып тағылады. Петропавлда шығатын және өз оқырмандары арасында Алаш қозғалысының идеяларын насихаттайтын «Жас азамат» жастар газеті жабылады.<ref>Сибирская речь. 1918, 5 тамыз.</ref>.

Ақтар режимі Алашордаға сенімсіздік білдірді, кейде жаулық пиғыл танытып қауіп төндірді, сөйтіп одақтасының мүлде түңілуін тудырып қана қоймай, оған ұлттың өз тағдырын өзі анықтау проблемасын шешудің басқа әдіс-амалдарын іздеуге ұмтылдырды.

Екі оттың ортасында қалған үш елдің шешімі

Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан және Башқұртстан ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері 1919 жылдың басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башқұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, Азамат соғысы кезінде көрнекті мемлекет қайраткері болған, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зәки Валиди Тоған былай дейді: «... 1919 жылы ақпанның басында, Күлгін ауылына тоқтағанымызда, бізге Қазақстаннан екі өкіл келді... Бұл екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат алып келді және Кеңестер жағына өтумен байланысты іс қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді...

Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа хат жаздым... Онда мына төмендегілерді айттым: «Жақын күндері кеңестер жағына өтпекпіз... Сіздер олардың жағына өту амалсыз шара екенін білуге тиіссіздер. Оған бізді Колчакка деген шексіз өшпенділік итермелеп отыр... Біз өзіміздің ұлттық принциптерімізге, Алашорда үкіметімен келісімдерімізге адал күйімізде қаламыз. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестермен бейбіт келісімге қол жеткізуге сенім жоқ, олардын айтқан сөзіне сенуге болмайды».<ref>Алаш-Орда. Сборник документов..., 126-6.</ref>.

Алашорда көсемдерінің амалсыз Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігі жөнінде Зәки Валидимен ниеттес болғаны айқын байқалады.

Ұлттық қозғалыс көсемдері трагедиясының мәні, басқа түскен қос ауыртпалықтың қайсысының қасіреті аздау көрінгенін амалсыз тандауында жатыр.

Сол кездегі елдегі аса күрделі саяси жағдай Алаш қайраткері А. Байтұрсыновтың көздеген ойының жүзеге асуын аса күрделендіріп жіберді. Солай бола тұра, оның көрсеткен үлгісі босқа кетпеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға әзірлік жасау жөнінде шешімге келді. Ә.Т. Жангелдин кейін айтып кеткендей, большевизм жағының және Алашорданың өкілдері, яғни тең дәрежедегі ұлттық қайраткерлер ұсынған бұл органды Мәскеу оң қабылдады. 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ. - К.Н.) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» («Казревком») құру туралы декретке қол қойды.

Казревком құрамына С. Меңдешев, А. Байтұрсынов, С. Пестковский (төраға), кейінірек Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, В. Лукашев, К. Сидоров және басқалар енгізілді.

Казревком төрағасының орынбасары ретінде А. Байтұрсынов «Жизнь национальностей» («Ұлттар өмірі») газетіне «Революция және қазақтар» деген мақала жариялап, онда Алаштың басшылығы мен белсенділерінің саяси табансыздық танытуының себептерін түсіндіруге тырысты, ол қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылысының өзгешелігінен, жергілікті жерлердегі кеңестік басшылардың саяси мәдениетінің төмендігінен және қазақ интеллигенциясы большевизмнің мәнін жете түсінбеуінен болғанын айтты. «Осы жолдарды жазып отырған мен де қазақ интеллигенттерінің өкілімін. Жоғарыда айтылғандай, қырғыз (қазақ) ұлтының саяси басшылары патша үкіметіне қарсы күресті. Патшалық кезінде қазақтардың басынан не кешкенін басқадан гөрі біз жақсырақ білеміз.

Қазақтарда өмірдің өзі социализм мен коммунизмді қалыптастырды, оларда айқын түрде таптық жіктелу мен жеке меншіктік қатынас орнықпады, сондықтан қазақ халқы социалистік құрылыстың соншалықты қажеттілігін әлі толық сезіне қойған жоқ... Мені орталық өкіметпен келіссөз жүргізу үшін жіберілген Алашордашылардың Торғайдағы бөлімшесінің делегаты ретінде Кеңестік Ресейге барып, барлық саладағы мемлекеттік реттілікті және Декларацияда айтылған Ресей халықтарының құқықтарына сәйкес қазақтың ұлттық мәселесіне құрметпен қарай бастағанын көрген соң, Кеңес өкіметі Колчак диктатурасынан артық деп шын жүректен айта аламын және жолдастарымды да сендіре аламын, біз қателескен жоқпыз».<ref>Сонда, 126-127-6.</ref>.

А. Байтұрсыновтың бастамасы бойынша Казревком 1919 жылдың жазы мен күзі аралығында Алашорданың басқа мүшелерінің Кеңес өкіметі жағына өту, бұл отудің шарттары, сондай-ақ алаш қозғалысына қатысушыларға тұтастай рақымшылық жасау туралы мәселені бірнеше дүркін талкылады.<ref name="Сонда, 126-6">Сонда, 126-6.</ref>.

1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында белгілі болғанындай, А. Байтұрсынов пен оның жақтастарының Алашорда белсенділеріне рақымшылық жасау туралы мәселені табанды түрде талап етуі өз нәтижесін берді. 4 қарашада Түркістан майданының Әскери революциялық кеңесі рақымшылық жасау туралы қаулысында былай деп атап көрсетті: «Кеңес өкіметіне тікелей немесе жанама түрде қарсылық көрсеткен барлық қырғыз (қазақ) халқы өкілдеріне толық кешірім беріледі». Одан әрі рақымшылық жасаудың шарттары нақтыланды:

  1. өз атынан немесе басқа да барлық қазақтармен бірге Кеңес өкіметін сөзсіз мойындайтынын білдірген өтініші;
  2. ақ гвардияшыл қазақтарға барлық көмек беру түрлерін дереу тоқтату және қырғыз (қазақ) даласында жасырынып жүрген ақ гвардияшыларды Кеңес өкіметіне ұстап беру;
  3. бейбіт халықты тонап, қалыпты өмір сүруге кедергі келтіретін ақ гвардияшыларды түбірімен жою ісінде Кеңес әскеріне көмектесу».<ref name="Сонда, 126-6"/>.

Сол кезде, қарашада, Түркістан майданының саяси бөлімі Алашорданың Батыс бөлімшесінің отрядтары үшін «Кеңес өкіметіне сенімсіздік жойылсын!» деп жазылған үндеухат басып шығарды. Үндеу хатта майданның Әскери революциялық комитетінің Кеңес өкіметіне қарсы күрескендердің бәріне рақымшылық жасайтын хабары расталды. «Сіздердің әрқайсыңызға кешірім туралы қаулы белгілі болар. Қырғыз халқы оған өз жауабын беруге тиіс. Әркім ұсынысты талқылап, Кеңес өкіметін мойындағаны жөнінде анық, түбегейлі және адал жауабын берсін».<ref>Сибирская речь. 1918, 1 тамыз.</ref>.

Шығыс Майданда Колчактың негізгі күшінің талқандалуы Батыс, Солтүстік-Шығыс Қазақстан және Жетісу жерін ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарынан азат етуге қолайлы жағдайлар туғызды. Қазақстан аумағы 1919 жылдың соңында ақ гвардияшылардан толық азат етілді.

Азамат соғысының ең соңғы майданы — Солтүстік Жетісу майданы 1920 жылы наурызда жойылды. Қазақстан аумағында біртіндеп Кеңес билігі қалпына келтіріле бастады. Осындай жағдайда, әсіресе 1919 жылдың ортасынан бастап жекелеген қайраткерлер, олардың қатарында Алашорда қосемдері де Кеңес өкіметі жағына өте бастады, оған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға кең көлемде қайырымдылық жасағаны өз әсерін тигізді, алаш полктерінде толқу туғызып, ондағы жігіттер «халық милициясы» қатарынан кете бастады. Бұл үрдіс Кеңес өкіметі жағына А. Байтұрсынов пен оның жақтастары өткеннен кейін жаппай сипаталды.

Алаш белсенділерінің Кеңес өкіметі жағына шығуымен оларды алда тағы бір трагедиялы белес күтіп тұрды. 1920 жылы қаңтарда 59-дивизияның ерекше бөлімі Семейде Ә.Н. Бөкейханов пен Алаштың облыстық басшыларының үш мүшесін тұтқынға алды. Тұтқындау Ақмола облысының бірқатар қаласында да орын алды. Казревком басшылығы Алашорда белсенділеріне күш қолдануды тоқтатуды өқтініп Омбыға бірнеше рет хат жолдауға мәжбүр болды.<ref>Алаш-Орда,128-131-6.</ref>.

Қазақстанның батысында да іс оңды болмады. Казревком құрған комиссия (С. Мендешев, Иванов) Алаш белсенділерінін жағдайын зерттеп шығып, қызыл қазақтар мен алашордашылар бірігіп жұмыс істей алмайды деген қорытындыға келді. Комиссия мүшелері Досмұхамедовтер мен олардың серіктестері шындыкқты айтпай отыр деп күдіктенді. «Алашорданың Батыс бөлімшесінің кеңестер жағына өтудегі ойы Кеңес өкіметінің идеясына қолдау көрсету емес, оның одақтасы оралдық қазақтар жағдайының тығырыққа тірелуі, сондай-ақ Орал облысынан қашып кету жоспарын іске асыру мүмкін еместігінен» деп есептеді. Қазақтар арасында «Кеңес өкіметі ханды (Досмұхамедов Жанша) мойындапты, Орал облысын басқаруды Батыс бөлімшесінің мүшелеріне беретін көрінеді, халық бұған риза емес екен» деген кауесеттарайды.<ref>Вестник Комитета членов Всероссийского Учредительного собрания. 1918, 18 қыркүйек.</ref>. Шын мәнінде Батыс бөлімше туралы мұндай қорытындыға келу — саяси рақымшылық жасау принципін сақтай отырып, Алаш белсенділері Ә. Бөкейханов пен оның жақтастарын Қазақстанның саяси аренасынан кетіру еді.

Комиссия пікірі 1920 жылғы наурыздағы Казревком қаулысына негіз етіп алынды. Онда былай делінді: «Жолдас Бегімбетовтың баяндамасын тыңдап және құжаттармен танысып, Алашорданың Батыс бөлімшесінің жауапты басшыларымен қазіргі жағдайға байланысты олардың біртіндеп Кеңес өкіметі жағына шығу жағдайы мен мезгілі жөнінде алдын ала сөйлесіп алып, сондай-ақ Алашорданың Батыс бөлімшесінің бірқатар жауапты қызметкерлері Орал облысында Орал қазақтарымен және басқа да буржуазиялық қоғамды жақтаушылармен бірлесе әрекет етіп отырғандарын ескеріп, рақымшылық жасалғанына қарамастан, бұдан былай олардың қырғыз (қазақ) аумағында қалуы жергілікті жерлерде қазақтарды кеңес құрылысына тарту ісіне зиянын тигізері анық; екінші жағынан, олардың кейбіреуі қылмыскер болуы да мүмкін, ондай жағдайда олардың қылмысты іс-әрекеттерінен зардап шеккен халықтың Кеңестік сотқа жүгінетінін ескеріп, Ревком қаулы етті:

  1. Қырғыз (қазақ) өлкесінде Кеңес өкіметі мықтап орнығып алғанынша, Алашорда ұлттық үкіметі Батыс бөлімшесінің жауапты басшылары қазақтың еңбекші бұқарасынан аластатылсын.
  2. Жанша Досмұхамедов,
  3. Халел Досмұхамедов,
  4. Иса Көшкінбаев,
  5. Кәрім Жәлелов,
  6. Берікқали Атшыбаев Мәскеуге немесе басқа орталық губернияларға жіберілсін.
  7. Алашордалықтардың барлық дүние-мүліктері, қазыналық немесе жеке меншік болсын, ай жерде екеніне қарамастан, бұдан былай ревкомның ерекше нұсқауы шыққанша тіркеуге алынсын, ревком мүлікке жауап беретін бірден-бір құзырлы орган болып табылады.
  8. Алашорда үкіметін және соған қарасты барлық органдарды біржолата таратудан туындайтын барлық мәселелерді Ревком жақын арадағы мәжілісінде шешсін, газет арқылы халыққа жария етілсін, онда Ревком мен Алашорданың арасында ешқандай келісімнің болмағаны, алашордалықтардың дербес құқықтарына қол сұқпау және бұрынғы саяси сипаттағы іс-әрекеттері үшін рақымшылық жасау өз күшін сақтайтыны айтылсын.

Алашорданың Батыс бөлімшесі белсенді қызметкерлерінің Ревком мүшесі болуына, сондай-ақ басқа да жауапты қызметтерге қойылуына жол берілмесін».<ref>Сонда, 495-496-6.</ref>.

Көріп отырғанымыздай, Ревкомның бұл шешімі Алаш көсемдері аңсаған қазақ қоғамындағы ұлттық келісім мен ауызбіршілік идеясын қабылдамай, өлкедегі ұлттық-мемлекеттік құрылыстың тапты принциптерін негіз етіп алған. Бұл «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен кетуге мәжбүр болғандығын көрсетеді.

Алаш қайраткерлері 19—20-жылдары саяси аренадан кетсе де, Қазақстанның мәдениеті мен ғылымын және халық шаруашылығын дамыту ісіне елеулі үлес қосты.

Кеңес өкіметі бірнеше мәрте жариялаған рақымшылыққа (1919, 1920 жылдар) қарамастан, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері XX ғасырдың 20—30-жылдарында буржуазиялық ұлтшылдар және халық жаулары деген жаламен репрессияға ұшырады.

Дереккөздер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3

Дереккөздер

<references/>