Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:37, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті (ЖАК) (2001-2004) ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары аттестациялық комиссиясын" қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы № 61 қаулы- сы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 16-бап).</ref> ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 ақпандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 ақпандағы № 257 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 7, 78-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Жоғары аттестациялық комитеті ҚР білім және ғылым министрлігі құзіреті шегінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласында арнайы атқару, бақылау-қадағалау және салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды. Жоғары аттестациялық комитетің негізгі міндеттері мыналар болды: жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесін дамытудың жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу; қызметті үйлестіру, диссертациялық және сараптамалық кеңестердің желісін қалыптастыру және бақылау; бірыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық істер қарауды мемлекеттік реттеу; ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға, бағдарламаларға сараптама жүргізуте қатысу.

Комитеттің құрылымы мынадай болды

Басшылық; жоғары білікті кадрларды даярлау және құжаттарды ресімдеу басқармасы; физика-математика, техника ғылымдары, жер және ғарыш туралы ғылымдар жөніндегі бөлім; медицина, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдар жөніндегі бөлім; химия және биология ғылымдары жөніндегі бөлім; гуманитарлық ғылымдар жөніндегі бөлім; бағдарламаларды, жобаларды сараптау бөлімі; қаржы-экономикалық бөлім; ұйымдастыру бөлімі. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> комитет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}