Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:20, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Астана қаласы 16.jpg
Ақмешіт кешесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (АҚРҰАК) - 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды.

2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2005 жылғы 10 қыркүйекте АҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты. Жаңа кітапхана - жалпы алаңы 15 000 шаршы метрді құрайтын, қазіргі заманға сай 5 қабатты ғимарат. Мұнда тұтынушыларға бар жағдай жасалынған. Қазақстан Үкімтенің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. Кітапхана кітапханалық-библиографиялық процесстерді автоматтандыру деңгейі жөнінен республикамызда көшбасшылық орында. АҚРҰАК базасындағы «РАБИС» ақпараттық-библиографиялық жүйесінің автоматтандырылған негізгі үлгісі Қазақстанда алғаш рет ресми мақұлданды әрі жаңартылды. Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау.

Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он-лайн каталогтарын ұсынады.

АҚРҰАК кітапханашылары компьютер технологияларын қолдануды жетік меңгерген, электрондар тасқынындағы ғылыми ақпараттардан да хабардар, қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуальді анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады. Сондай-ақ, кәсіби ақпаратты қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсету үшін меншіктік ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруда.

АҚРҰАК еліміздің кітапханаларына арналған ақпараттандыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша консалтингтік орталық құруды зор сеніммен қолға алуда әрі республикамыздың кітапханалық процесстеріне жаңа технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік, болжалдау және талдау жұмыстарын жүзеге асыруда.

АҚРҰАК мынадай алып ақпараттық жобалардың инициаторы әрі әзірлеушісі: «Қазақстанның Ұлттық Электронды Кітапханасы» (ҚазҰЭК), «Қазақстанның қашықтағы кітапханалық академиясы», «Қазақстан кітапханаларының бірегей ақпараттық желісі». АҚРҰАК мамандары «Қазақстан кітапханаларын жаңартудың 2007—2009 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеуде белсенділік танытты.

АҚРҰАК қызметіндегі басым бағыттардың бірі — халықаралық ынтымақтастықты дамыту. АҚРҰАК мынадай халықаралық үкіметтік, қоғамдық, кәсіби ұйымдармен белсенді ынтымақтасқан: ИФЛА, БАЕ, МБИАЦ, ЮНЕСКО, Француз Альянсы, Гете институты, Дүниежүзілік даму банкі, Азия даму банкі, ПРООН, НАТО және басқалар. ТМД елдерінің Ұлттық кітапханаларымен ынтымақтастық туралы Келісім жасалды. Атап айтсақ: Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Белоруссия, Өзбекстан.

«Адам құқықтары жөніндегі ашық сандық кітапхана», «Көпшілік құқықтық ақпараттар орталығы», Үнді мәдениет орталығы, Неміс оқу залы, Ақпараттық даму орталығы, НАТО кітапханасы және басқа да ұйымдармен бірлікте жобалар әзірледі және енгізді. Ынтымақтастық туралы бұл келісімдер кітапхана қызметтері мен ақпараттық ресурстарды әрі қарай электрондауға серпін беретін жаңа жобаларды дамытуды қарастырады.


АҚРҰАК қызметі халықаралық дәрежеде аталып, ақпараттық қоғам қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан әлем кітапханалары туралы түсінік беруді мақсат еткен ИФЛА «Success stories of libraries Building the Information Society» арнайы жобасында әлемдегі үздік кітапханалар тарихы ондығына енді.

Сыртқы сілтемелер