Қазақстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Уики Үлгі:Мәліметті жаңалау керек Үлгі:Мемлекет Үлгі:Мағына Қазақстан (Үлгі:Audio-nohelp Үлгі:IPA), толық атауы Қазақстан Республикасы (Үлгі:Audio-nohelp) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км<ref name="Yearbook2011">Казахстан в цифрах-2011</ref>. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады<ref name="source1">[Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, http://www.akorda.kz/kz/kazakhstan/general_information/general_information_about_the_republic_of_kazakhstan, 2011 жылдың 8 шілде күні тексерілді]</ref>.

2017 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 926 500 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.<ref name="KZ2015">2015 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны</ref> Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.<ref name="2009 Census">Үлгі:Cite web</ref>

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $225.619 млрд (2014). Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

Мазмұны

Этимологиясы

Қазақстан сөзі Қазақ <ref>"Қазақ" сөзінің мағынасы</ref><ref>«ҚАЗАҚ» ДЕГЕН ЭТНОНИМНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ. ОНЫ «КАЗАК» ЭТНОНИМІНЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?</ref> және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда<ref>Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Батырғалиұлы Мағаз. Әдебиет қазақия, 1908 жыл</ref><ref>Үздіктер ішінде Қазақия жоқ</ref><ref>"Ана тілі" газеті, ҚАЗАҚИЯ ҚАЛАЛАРЫ</ref>.

Тарихы

Үлгі:Main Үлгі:Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.

Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі)

Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.

Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.

Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды. Үлгі:See also

Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі)

Үлгі:Толықтыру Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан жерін Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтары өмір сүрді.

Ресей империясының құрамындағы Қазақстан

Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 17311860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.

  • 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
  • 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды.
  • 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.
  • 1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.
  • Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
  • 1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
  • 1917 ж. 21 – 28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.

Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты.. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.

Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.

Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.

Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.

1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті. 70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.

Қазақстан Республикасы

Үлгі:Main

1990 жылдарда

1991 жылы 8 желтоқсанда РКФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы құжаттарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Орта азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РКФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы - ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина республикаcының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша - қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

Екінші мыңжылдықта

Екінші мыңжылдық 10 жылдарында

Географиясы

Үлгі:Main Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш.б.)Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.

Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.

Әкімшілік бөлінуі

Үлгі:Main Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Сурет:Kazakhstan provinces kz.svg
Қазақстанның әкімшілік бөлінісі
Аймақ Әкімшілік орталығы Ауданы, км² Тұрғыны
(1 қаңтар
2011 ж. адам)<ref name="Pop-Jan-2011">2011 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны</ref>
Тұрғыны (1 қаңтар
2013 ж. адам)
2 жылдық қорытынды (адам)
1 ТуыАлматы облысы Талдықорған 223 924 1 857 781 1 997 324 Үлгі:Өсім 139 543
2 ТуыШығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Өскемен 283 226 1 396 746 1 394 382 Үлгі:Құлдырау 236
3 ТуыҚарағанды облысы Қарағанды 427 982 1 351 905 1 367 512 Үлгі:Өсім 15607
4 ТуыЖамбыл облысы Тараз 144 264 1 043 617 1 081 907 Үлгі:Өсім 38290
5 ТуыОңтүстік Қазақстан облысы(ОҚО) Шымкент 117 249 2 563 081 2 721 676 Үлгі:Өсім 158595
6 ТуыҚызылорда облысы Қызылорда 226 019 699 132 737 122 Үлгі:Өсім 37 990
7 ТуыАқтөбе облысы Ақтөбе 300 629 777 256 805 117 Үлгі:Өсім 27 861
8 ТуыҚостанай облысы Қостанай 196 001 881 234 880 775 Үлгі:Құлдырау 459
9 ТуыСолтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Петропавл 97 993 588 910 576 748 Үлгі:Құлдырау 12 162
10 ТуыАқмола облысы Көкшетау 146 219 732 964 735 232 Үлгі:Өсім 2 268
11 ТуыПавлодар облысы Павлодар 124 800 746 010 752 057 Үлгі:Өсім 6 047
12 ТуыБатыс Қазақстан облысы (БКО) Орал 151 339 607 975 622 333 Үлгі:Өсім 14 358
13 ТуыАтырау облысы Атырау 118 631 531 562 564 936 Үлгі:Өсім 33 374
14 ТуыМаңғыстау облысы Ақтау 165 642 523 301 582 361 Үлгі:Өсім 59 060
15 ТуыАлматы — республикалық маңызы бар қала 451 1 434 755 1 494 590 Үлгі:Өсім 59 835
16 ТуыАстана — республиканың елордасы 710,2 697 257 804 474 Үлгі:Өсім 107 217
17 ТуыБайқоңыр — республикалық маңызы бар қала 57 38 970 Үлгі:Белгісіз
Барлығы 2 724 902 14 301 474 17 098 546 Үлгі:Өсім 2 797 072

Ірі қалалар

Орыны Қала Тұрғыны
Миллионер қала > 1 млн
1 Алматы 1 703 500
Жүз мыңнан астам тұрғынды қалалар 100—999 мың тұрғын
2 Астана 880 191
3 Шымкент 885 799
4 Қарағанды 468 957
5 Ақтөбе 357 193
6 Тараз 327 180
7 Павлодар 321 815
8 Өскемен 306 588
9 Семей 303 878
10 Қостанай 215 346
11 Орал 210 128
12 Петропавл 203 192
13 Қызылорда 195 838
14 Атырау 175 474
15 Ақтау 172 904
16 Теміртау 171 588
17 Түркістан 146 449
18 Көкшетау 137 214
19 Жаңаөзен 127 594
20 Талдықорған 126 944
21 Екібастұз 126 538
22 Рудный 111 686
Барлық тұрғын саны
ірі қалаларда:
6 938 449
Қазақстанның жалпы тұрғын саны: 17 202 600
Ірі қалалардың тұрғын санындағы үлесі % 41,60 %

Халқы

Үлгі:Main

Мемлекеттік құрылымы

Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғ. өкілді органыПарламент. Ол республиканың заң шығару құзіретін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болады. Жергілікті мемл. басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Табиғаты

Үлгі:Main

Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық жыныстар ұшырайды.

Үлгі:Main

Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.

  • Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві – Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс – Тарбағатай, ОбьЗайсан және Алтай – Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4 – 6 км) құралған...

Үлгі:Main

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропикалы Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.

Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.

Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Радиация. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көп бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары шегі 70 – 80%-ға жетіп, жазда көп жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңтүстікте – 1 ай.

Үлгі:Main

Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылдық көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасады, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен су ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен ең аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылдық бағаммен шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты су қоры 15,1 км3-ді құрайды, оны пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болады.

Үлгі:Main

Сурет:Soil.jpg
Топырақ.
Сурет:Soil structure.jpg
Топырақ құрылымы.

Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

Өсімдігі

Қазақстанда интродукцияланған, мәдени дақылға айналдырылған және кездейсоқ әкелінген түрілерін қоспағанда шамаммен 6025 өсімдік түрі бар. Жабайы өсімдіктердің 18 түрі космополит (Антарктикадан басқа құрлықтарда өседі), 285-і голарктикалық түр (Евразия мен Солтүстік Америкада өседі). Бұлардың ішінде 535-і (шамамен 11%-і) тек Қазақстанда кездеседі (эндемиктер). Мұнда бірнеше ботаникалық зона бар. Тау өсімдіктері өздеріне тән биіктік зоналар құрайды. Өзен-көл, батпақ, жайылма, шалғындық, көлтабан өсімдіктері ешқандай зонаға жатпайды.
Су өсімдіктерінің түрі аз (63 гидрофильді түрі). Олардың құрамында барлық космополиттердің жартысы (шылаңдар мен руппияларды қосқанда 9 түрі), 24 голарктикалық түр (сальвиния, тұңғиқ т.б.) бар. Бұлар су өсімдіктерінің 52%-і, яғни ең көне өсімдіктер. Палеоботаникалық тұрғыдан да осылай; шылаңдар туысы (21 түрі бар) бұдан 70-100 млн жыл (бор дәуірінде), сальвиния, жестер, телорез 40-70 млн жыл бұрын болған. Тегі тропикалық, гидрофильді өсімдіктер тобына жататын су өсімдіктері Қазақстан жерінде 25-40 млн жыл бұрын (олигоценде) қаулап өскен.
Батпақ, өзен жайылмасы мен көлтабан өсімдіктерінің 450-ден астам түрі бар. Шалғынды, кейде батпақты жерлерде бидайық, тарғақ, айрауық, шалғын атқонағы, шалғын бедесі, шалғын ноғатығы, кәдімгі бекмания, қамыс, қоға, қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың топтасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасады.

  • Шөл зона өсімдігі
    • Сұр топырақты қырат жерлерді (Оңтүстік Қазақстан) алып жатқан ағаш-бұта құрамында пісте мен (жемісі - кәдімгі пісте) қатар Регель алмұрты, таудаған, тобылғы, қаратау лепидолофасы, тікенекті бадам (бұлардың көпшілігі сирек кездеседі) бар. Талас Алатауы, Қаржантау мен Қаратау бөктерлері селдір орманды, мұнда сары долана, зеравшан аршасы басым. Тақырда өсетін сексеуіл тоғайлары негізінен жапырақсыз аласа (2-8м) "шала ағаш" - қара сексеуілден тұрады. Сексеуіл арасында басқа азықтық өсімдіктер де (жусан, күйреуік, изен, теріскен) аз емес.
    • Қоңыр және сұр қоңыр топырақты шөл даладағы шала бұта өсімдіктердің арасында ақ жусан, қара жусан, туран жусаны, ал гипсті қоңыр топырақта баялыш көбірек кездеседі. Мұнда түрлі эфемероидтар (әсіресе баданалы қоңырбас пен жуан сабақты қияқ) мен эфемерлер де бар.
    • Құм топырақты шөл даладағы бұта өсімдіктерінің арасында жүзгін, құм сексеуілі, қоянсүйек, қылша түрлері, жапырақсыз құланқұйрық және түкті жүзгін ағаштары басым. Мұнда бұта тәрізді аласа өсімдіктер (жусан, изен) мен көп жылдық шөптер де (құмерке) көп.
    • Сор топырақты шала бұта өскен шөл далада сарсазан, бұйырғын т.б. өсімдіктер басым.
  • Далалық зона

Далалық зонада бөденешөп, қызылбояу, боз, бетеге, қырғыз бетегесі, қылтық бетеге, көде, еркекшөп бітік өседі. Реликт өсімдіктері - сібір бетегесі, ши мен көп тамырлы жуа.

  • Тау өсімдіктері

Оңтүстік Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань өсімдіктері далалық, ормандық және альпілік белдеулерге бөлінеді.
Оңтүстік Алтай мен Тарбағатайдағы далалық белдеу далалық зонамен ұласып жатыр, бірақ мұндағы өсімдіктерге бадам, майқарағай, тобылғы араласқан. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньда (шөл зона) бетеге, боз шалғын, бидайық (түкті бидайық), арпа (баданалы арпа) тұқымдастары өседі, мұнда итмұрын, қызыл шие т.б. өсімдіктер көп.
Қазақстан тауларында бірнеше орман түрлері бар:

Тау ормандарының мұншама кең алқапта орналасуына, республиканың батысында еменді және қарағашты, ал солтүстүігінде қайыңды және қарағайлы ормандардың бар болуына байланысты ормандар мен орман шалғындарының құрамындағы өсімдіктер Қазақстандағы барлық өсімдіктердін 40%-інен асады. Олардың ішінде 1 космополит (кәдімігі қыранқұлақ), 30-дан астам голарктикалық түр - орман папоротнигі, қауырсын папоротник, усасыр, құлмақ, күреңот, ұртшөп бар. Олар көне заман ормандарынан келіп жеткен реликтілер. Мұндай орман өсімдіктеріне грек жаңғағы, семенов үйеңкісі, лепсі таспасы, тянь-шань цицербитасы, семенов айдаршөбі сияқты аз тараған реликтілер, сондай-ақ "Қазақстанның Қызыл кітабына" енгізілген қырғыз қайыңы, бекара терегі, Мушкетов түйесіңірі, мыңжылқы усасыр қырыққұлағы сияқты эндемдер айырықша сипат береді.

  • Альпі белдеулері
    • Альпіге доңызсырт шабындықтары мен майда шөпті шалғындықтар тән. Бұлардың алғашқысы түкті доңызсырттан, ал Алтайда Белларди доңызсыртынан тарайды. Майда шөпті шабындық құрамында крылов бетегсі, монғол птильагростисі, ал түрлі шөптерден альпі маралоты, таран, сарғыш майдажелек т.б. бар.
    • Субальпілік шалғындықтар тау белдеулерімен шекаралас жерлерде қалыптасқан. Тянь-Шаньда бұл - крылов бетегсінен, жартас қазтамағынан, кәдімгі манжеткадан құралған шалғындықтар. Тек мысыққұйрықтан тұратын шалғандықтар да кездеседі. Әдетте бұлардың бәрі құнарлы жаздық жайылымдар, шабындық жерлер.<ref name="ReferenceA">ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987</ref>

Жануарлар дүниесі

Ұлан байтақ Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 172, құстың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 150-ге жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер (насекомдар, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар т.б.) бұдан да көп. Тек жәндік түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар түрінің осыншалық көп болуы республиканың географиялық орнына, жер бедерінің дамуы мен жануар түрлері қалыптасуының ұзақ та күрделі тарихына байланысты.

  • Жануарлардың табиғат зоналары бойынша мекендеуі:
    • Орманды дала зонасы. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала зонасында бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын суқұстары - аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Оңтүстікке қарай созылып жатқан Еділ жағалауынан Алтай таулы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далада суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ (үлкені, кішісі, жирені), ал құстан - дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, дала трикушкасы, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны мен шабындық құландыны қоныстайды. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақбөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
    • Далалық зона. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық зонаның батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда европалық қара күзен, жұпар тышқан, орман сусары да кездеседі. Қосмекенділерден Жайық т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Сыңсыған қарағай өскен тау сілемдері (Көкше қыраты) бар далалық зонаның орта бөлігінде бұлан, елік, сілеусін, қызыл тоқалтіс сияқты орман тұрғындары, аққоян, ақтиін (Ертіс бойындағы қалың орманда), бұлдырық, қаратоқылдақ, кәдімгі тоқылдақ кездеседі. Далалық зонаның шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы сияқты жануарлармен қатар аққоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген.
    • Шөлейт зонасы. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт зонасында- саршұнақтар (кішісі, орташасы, сарысы) мен қосаяқтың, құм тышқан мен толай қоянның бірнеше түрі мекендеген. Мұнда ақбөкен де, қарақұйрық та көптеп кездеседі. Бұл зонада құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай т.б. бар.
    • Шөл зонасы. Республиканың оңтүстігін тау бөктеріне дейін алып жатқан шөл зонада тек осында ғана мекендейтін бірнеше жануар түрлері бар, олар оңтүстікте республика шебінен тысқары шығып кетеді. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғышылақ жартастарының арасында кездесетін үстірт муфлоны жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні - қарақал кездеседі. Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерлерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі - жаламан мекендейді. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана табылған. Солтүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана табылған бесбашбайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше хайуан. Ірі жануарлардан осы шөл далада ақбөкен, қарақұйрық қыстайды. Құстан - шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Түк аяқты қосаяқ, үшбашбайлы ергежейлі қосаяқ, құм тышқаны, жіңішке башбайлы саршұнақ, ала жертесер, құм мысығы т.б. құм ішінде тіршілік етуге бейімделген. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмыр бас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Өзен-көл аңғарындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қоян,, қырғауыл т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл және т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, аққұтан, көкқұтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынынан өте сирек кездесетін, "Қазақстан Қызыл кітабына" енгізілген реликт шағала қоныстайды.
    • Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, тундра кекілігі, ақ кекілік, алтай ұлары, кукша, жорға торғай кездеседі. Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай созылып жатқан тауларда (Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілесін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жоңғар, Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Менабир суыры жерсіндірілген. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді. Бұл жерлерге сондай-ақ гималай ұлары, кекілік, ұзақ қарға, шау қарға, қызыл құйрық торғай, аршалық ементұмсық, тау шымшық, көкқұс тән. Жоңғар Алатауындағы кіші-гірім өзендерде жетісу тритоны тіршілік етеді<ref name="ReferenceA"/>.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Үлгі:Main Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Табиғат ресурстары

Үлгі:Main Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Саяси жағдайы

Үлгі:Main

Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Сурет:Nursultan Nazarbayev 27092007.jpg
Нұрсұлтан Назарбаев

Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Сыртқы саясат

Үлгі:Main

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Қоғам

Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен.

Мереке және демалыс күндер

Үлгі:Lower Үлгі:Lower

Күн Қазақша аталуы
12 қаңтар Жаңа жыл
7 қаңтар Рождество мейрамы (Рождество Христово)
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
2123 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 мамыр Отан Қорғаушы күні
9 мамыр Жеңіс күні
6 шілде Астана күні
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Қажылықтың соңғы күні. Құрбан айт
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні

Экономикасы

Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі - $188 млрд. (2011 жылға), адам басына шаққанда $11,245 құрайды <ref>World Development Indicators:Kazakhstan</ref>. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан орташа экономика ретінде қарастырылады <ref>Kazakhstan Overview</ref>..

Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші - елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байлнысты. Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті<ref>В мировой экономике Казахстан - внизу пищевой цепочки 2013 жылдың 27 ақпан күні қаралды</ref>.

2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, Нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) иморттан екі есе көп болды ($45 млрд).

Экспорттың 75% – минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% - металлдар және 3,4% - ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% - химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар - өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.

Қазақстан дүинежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.<ref>Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жария етті</ref> Үлгі:Main

Энергетикасы

Үлгі:Main

Мәдениет және қоғам

Үлгі:Main, Үлгі:Main, Үлгі:Main

Білім беру жүйесі

Үлгі:Main

Бұқаралық ақпарат құралдары

Үлгі:Main

Әлеуметтік саласы

Үлгі:Main

Қарулы күштері

Үлгі:Main

Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер мин-нің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген:

  • әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды,
  • Қазақстан Республикасының мемл. шекарасында немесе аум-ның шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
  • әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңірлерін жабу;
  • маңызды әскери нысандарды күзету;
  • елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу;
  • халықар. міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңт., Батыс, Шығыс, Орт. әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығ. Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Бат. Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округіне қарайды. Орт. штаб – Қарағанды қаласында.

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999 – 2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Қысқаша мәлімет

  • 1. Халық саны — 17 585 800 адам (2015). Бұл әлем бойынша 63-ші орын.
  • 2. Қазақстанда шаршы км-ге 6 адамнан келеді. Ал Сингапурда 7437 адам.
  • 3. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
  • 4. Қазақстана 3,3 миллионға жуық жеңіл автокөлік бар.
  • 5. Қазақстанда орыс тілінде 88, қазақ тілінде 83, ал аралас болып 32 газет шығады.
  • 6. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
  • 7. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелден 260 млрд $ инвестиция құйылған.
  • 8. Қазақстан 2000 жылы ТМД елдерінің арасында бірінші болып Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) барлық қарызынан құтылған.
  • 9. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара — әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара болып табылады. Оның ұзындығы — 7 512 км.
  • 10. Жылқы алғаш рет қазіргі Қазақстанның аймағында қолға үйретілді.
  • 11. Қазақстан — қызғалдақ пен алманың отаны.
  • 12. Екібастұздық МАЭС-2 мұржасы — әлемдегі ең биік мұржа. Оның биіктігі — 420 м.
  • 13. Медеу — әлемдегі ең биік жерде орналасқан мұз айдыны.
  • 14. Қазақстан табиғат қорлары жөнінен ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-і бар, 70 элементтің қоры анықталған, 60 элемент өндіріледі.
  • 15. Қазақстан мұнай өндіруден 8 орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 млрд т. Мұндай көлеммен Қазақстанды әлеуетті мұнай державаларының бірі дей аламыз.
  • 16. Қазақстанда әлемдегі барлық уранның шамамен 5/1 бөлігі бар. Оны өндіруден 1-ші орын алады.
  • 17. Астық және ұн экспортынан Қазақстан көшбасшылардың бірі. Мемлекет жылына 40 елге астық экспорттайды.
  • 18. Шай ішуден Қазақстан алғашқы орындарда келеді. Жылына әр адам басына 1.2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 г.
  • 19. Байқоңыр ғарыш айлағы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы және ең тығыз жұмыс кестесі бары.
  • 20. Қазақстан өзінің тарихы, әдет-ғұрпы, алып таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет жануарлар мен өсімдіктері бар кең далаға бай ел<ref>http://massaget.kz/forum/viewtopic.php?t=4849&p=30013</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons+cat

Үлгі:Уики

Үлгі:Қазақстан тақырыптарда Үлгі:Орталық Азия Үлгі:Азия Үлгі:Еуропа елдері Үлгі:Каспий теңізін қоршаған елдер Үлгі:Еуразия Экономикалық Қауымдастығы Үлгі:ТМД Үлгі:Түркі кеңесі Үлгі:WTO Үлгі:Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Үлгі:ТҮРКСОЙ Үлгі:Ислам Әріптестік Ұйымы