Қазақстанның елу жылдығы атындағы парк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанның елу жылдығы атындағы парк ашық аспан астындағы мәдени ағарту мекемесі, Қарағандының шығысындағы Октябрь ауданының Майқұдық тұрғын массивінің солтүстік бөлігінде (басты қақпасы — Магнитогорск қаласы жағында), 1967 жылы ашылған, ауданы 12 га. Ағаштардың негізгі тұқымдары: қараағаш, қайың, үйенкі, көктерек, итмұрын т. б. Гүлзарлар, газондар, аллеялар бар. Би алаңы, жазғы эстрада; «Умка» кафесі, 9 аттракцион, бүлдіршіндердің ертегі қалашығы жұмыс істейді. Паркте жаужүрек пионер В. Дубининге ескержіш (авторы ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Ю. В. Гуммель) орнатылған. Қоғамдық-көпшілік және мәдени-ағарту жұмыстары, кәсіптік мейрамдар, еңбек озаттары, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу, көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер керсетулері және спортnық жарыстар өткізіліп тұрады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}