Қазатлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазатлық, Азатлықтөбе – ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Арыс өзеніне Құлан өзенінің құяр тұсында орналасқан. Қазатлықты 1940 жылы Жамбыл археологы бекетінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Қала Құдама ибн ЖафардыңКитаб әл-Харадж уа Санат әл-Китаба” шығармасындағы Бадухкет қаласы деген пікір бар. Трапеция тәрізді биіктігі 5 – 6 м, диаметрі 30 – 40 м төбе қалысының орталық бөлігін алып жатыр. Ол биіктігі 0,75 м және диаметрі 70 – 80 м төбешік- алаңқаймен қоршалған. Батыс жағынан биіктігі 2,5 – 3 м, диаметрі 50 – 70 м төбешік жалғасады. Теріліп алынған қыш ыдыстар қолдан немесе шарықта жасалған. Ангобты өрнекті ыдыстар аз табылған. Сырланбаған ыдыстар басым. Сырлы ыдыстар мерзімі жағынан Қарахан әулеті заманына жатады. Табылған құмыра, көзе, тостаған, саптаяқ, т.б. бұйымдарға қарағанда Қазатлық қалашығын мекендеген тайпалар 8 – 11 ғ-ларда өмір сүріп, мал шарушылығымен және егіншілікпен айналысқан.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазатлық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}