Қадырхан Махмұтұлы Отаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:39, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қадырхан Махмұтұлы Отаров 1953 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершегір кентінде туған.

Өмірбаяны

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын (1975) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша; Марксизм-ленинизм университетін (1978); АӨК Жоғары мектебін (1990) бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

1975 жылдан - Ақтөбе облысының Ақтөбе ауданындағы Хлебодар шошқа өсіру кеңшарында зоотехник-сұрыптаушы. 1976 жылдан - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы Пригородный кеңшарының бас зоотехнигі. 1983 жылдан - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданындағы К. Маркс атындағы астық кеңшарында бас зоотехник, директордың орынбасары. 1986 жылдан - Ақтөбе облысының Ақтөбе ААӨБ төрағасы. 1987 жылдан - Ақтөбе облыстық сүт комбинатының бас директоры. 1988 жылдан - Ақтөбе облыстық агронеркәсіп комитетінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі төраға орынбасары, бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Ақтөбе облыстық әкімшілік басшысының орынбасары, облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 1994 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрінің орынбасары, вице-министр. 1999 жылдан - Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдан бері - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Марапаттары

«Құрмет» (2001), «Парасат» (2006) ордендерімен, «Астана» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub