Ғұлама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Фиқһ негіздеріҒұлама (Үлгі:Lang-arғұлама́, жекеше — Үлгі:Lang-arәлім-Үлгі:Lang-kk; Үлгі:Lang-kk) – білімді, оқымысты ғалымдар-әлімдер, асқан ақыл-ой иелері. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылманшылықтың этикалық-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды осылай атаған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref> Ғұлама(лар) медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі ұғымында ғұламалар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың, ұлағаттылық пен кемелдіктің иелері. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғылыми мұралар қалдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мысалы, әл-Фараби, Абай, Қ.И.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, ғұлама деп атайды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998</ref> ISBN 5-89800-123-9<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub