Ғибадатхана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғибадатхана - (араб. ғибадат-жалбарыну, сиыну) - Құдайға құлшылық ететін, діни рәсімдер мен парыздар атқарылатын ғимараттардың жалпы атауы. Исламда - мешіт, христиандінінде-шіркеу, собор,монастырь, костель, кирха; иуда дінінде - синагога; ал будда дінінде ортақ атау жоқ, әр елде әр түрлі аталады (мыс., Жапонияда тэра, Шри-Ланкада вихара, Моңғолияда хурэ, т.б.). Ғибадатханалар, негізінен, іргелі, еңселі, биік мұнаралы, көп күмбезде бірнеше текшелі күрделі ғимарат болып келеді. Ғимараттың ішінде михраб, мінбар, алтарь секілді Құдайға мінажат ететін арнайы орындар болады. Ғибадатхана іші хүснихаттармен, періштелер мен әулиелердің бейнелерімен, ою-өрнектер мен әсем жазулармен безендіріледі. Ғибадатханалар архитектурасы адамның Құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі діни тұспалнышандармен,сондай-ақұлттықерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі - жарты ай бейнесі, ал шіркеуле - айқыш (крест) орнатылады.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғибадатхана|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}