Ғақаш Зәкиұлы Бияшев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғақаш Зәкиұлы Бияшев (10 қазан 1906 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы – 20 қараша 1987 жыл, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1947 жыл), профессор (1949 жыл), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967 жыл), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971 жыл).
- Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931 жылы).
- 1931–36 жылы Аққабақ тәжірибе станциясында ғылыми хатшы, Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Ташкент қаласы) ғылыми қызметкер, аспирант
- 1936–50 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары
- 1950–57 және 1961–65 жылдары Қазақ Мемлекеттік Унивеситетінде (қазіргі Қазақ ұлттық университеті|Қазақ Ұлттық Университеті) кафедра меңгерушісі
- 1957–61 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті
- 1965–78 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтының директоры
- 1978–87 жылы зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Бияшев қант қызылшасы мен қоза биологиясын зерттеп, оларды Қазақстанда өсіру жүйесін жасады.
- Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Шығармалары
- «Культура сахарной свеклы в Казахской ССР»
- «Система земледелия в Казахстане»
- «Итоги ботанических исследований в Казахстане - 50-летию Октября»
- «Корреляция между весом корнеплодов и сахаристостью у дитетраплоидных сортолинейных гибридов сахарной свеклы. Сельскохозяйственная биотехнология»
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}