Ғафил

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ғафил (ғафлат) - қапы қалу, ұйқыда болу деген мағыналарға келеді. Сопылықта адамның Аллаһтан хабарсыз болуы; барлық әлемді, бүкіл жаратылғандарды Аллаһтың жаратуынан хабарсыз, өткінші дүниедегі өмірімен әлек болып жүретін, әлемге ақыл-ой таразысымен тереңдей алмайтын, әлемдегі жаратылғандардың сыры, кұпиясы, хикметі мен құбылыстарын байқамайтын кісіні ғапыл адам дейді. Ғапыл болу деп нәпсінің, құлқынның құлшылығына түсіп, уақытты мәнсіз, мағынасыз өткізуді, бір нәрсенің қадірі мен маңызына жете алмауды, өз (басын) жайын бағалай алмауды айтады. Көңілдің Хақтан қапы қалуы, зікірден мақрұм болуы ғафлет деген сөз.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub