Ғарифолла Есім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:44, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу) — ғалым, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы.

Қысқаша өмірбаяны

  • 1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
  • 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген.
  • 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
  • 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы;
  • 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері;
  • 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған.
  • 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.
  • 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - дәстүрлі мұсылмандық

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Асан Қайғы, Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын».

Хоббиі

Хоббиі - оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - философиялық проза.

Үйленген. Жұбайы - Есімова Рымкеш Сұлтанқызы, дәрігер. Ұлдары - Есімов Қазыбек, Есімов Баян; қызы - Есімова Сәуле.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармашылығы

Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда

  • “Кейіпкер философиясы”
  • “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі”
  • “Жаңаша ойлау және әдебиет”
  • “Жаңаша ойлау — диалектикалық ойлау”
  • “Ескіше, жаңаша және қазақша ойлау”, т.б. мақалалар жариялады.
  • Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады.

Сондай-ақ, Есімов саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Философиялық проза жанрында жазылған

  • “Таңсұлу”
  • “Күнә”
  • “Көсем-Көкжал”
  • “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар.

Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

  • "Құрмет" орденінің кавалері.

Дереккөздер

<references/>