Ғазиза Нұрғалиқызы Бисенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:58, 2017 ж. наурыздың 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Бисенова Ғазиза Нұрғалиқызы (1914-1987), стенографист-машинка басушы. 1953 ж. «Үгітші блокноты» журналында жұмыс істеп жүрген кезде Әуезов өзіне жұмысқа шақырады. Сол жылдық маусымынан бастап 1961 жылға дейін жазушы шығармаларын қағазға түсірді. Бұл кезеңде Әуезовтің «Абай» эпопеясының соңғы кітабын, «Қарагөз» трагедиясының жаңа редакциясын, «Төлеген Тоқтаров» операсының либреттосын, «Дос-Бедел дос» драмасын, «Үндістан очерктерін», «Әр жылдар ойларын», «Өскен өркен» романын т. б. кептеген шығармаларын машинкамен басып шықты. Өмірінің соңғы жылдарында уақыты аса тығыз болған жазушыға көп көмөк көрсетті. 1960 ж. ақпанда жазушы өз күнделігінде: Бүгін «Төлеген» операсының либреттосын жаздық. Ғазиза басты, мен ауызша айттым» депті. Бисенова «Шырқау биікке шыққан адам» деген естелігінде («Жулдыз», 1967, №8) ұлы жазушының жазу әдіс-тәсілдері, еңбекқорлығы, ұқыптылығы туралы қызықты ойларын ортаға салған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғазиза Нұрғалиқызы Бисенова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}