Якбун

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:01, 2013 ж. наурыздың 4 кезіндегі Sibom (Талқылауы) істеген түзету

«Якбун» – облыстағы күрділер ассоциациясы. 1992 жылы қаңтарда құрылған. Төрағасы – А.И. Сулайманов. Облыстың 4 ауданында бөлімшелері бар. Қазақстан күрділерінің «Барбанг» Ассоциациясымен байланыс орнатқан. Ассоциация жанында «Бархудон» атты көркемөнерпаздық бишілер ансамблі құрылған. Бұл ансамбль облысы көлемінде барлық мәдени іс-шараларға белсене атсалысады. Ассоциация облыстағы күрділердің ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін насихаттаумен бірге, күрді жастарының ана тілін меңгеруіне де ерекше мән береді. «Якбун» ұйымы Сарысу, Талас, Шу аудандарындағы күрді балаларының ана тілінде орта мектептерде білім алуына түрлі көмек көрсетуде.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}