Эрих Людендорф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Erich Ludendorff.jpg
Эрих Людендорф

Эрих Людендорф (1865 жыл 9 сәуір - 1937 жыл 20 желтоқсан, Тутцинг, Бавария) - немістің әскери және саяси қайраткері.

Еңбек жолы

1881 жылы кадет корпусын бітірді. Бірінші дүниежүзілік соғыста әскер, майдан штабтарын, 1916 жылғы тамыздан іс жүзінде Германия қарулы күштерін басқарды. 1918 жылғы сәтсіз соғыстардан кейін қызметінен кетуге мәжбүр болады. 1924 жылы Ұлттық-социалистік партиядан рейхстагқа депутат болып сайланды. Ол шектеусіз жаппай соғыс пен еңбекшілер қозғалысын аяусыз басу доктринасын жақтады.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>