Элита Теориясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Элита теориясы (Үлгі:Lang-fr – үздік, таңдаулы) — қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады.

  • Биол. теориялар бойынша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді.
  • Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді.

Осы сияқты психик.-аналитик., әлеум.-психол., технократтық және ғыл. теориялар бар. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктеріне қарамастан барлық Э. т. үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін – адамдардың табиғи тең еместігі туралы; ғыл.-тех. және әлеум. прогрестің қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың сөзсіз бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін “іріткі күштерді жинақтаған” бұқараның енжарлығы мен аморфтығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.

Тағы қараңыз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}