Электрметаллургия
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Электрметаллургия (электр… және металлургия) – металлургияның электр тогы арқылы кен мен оның концентратынан металды ажыратып алатын, металл мен қорытпаларды балқыта отырып оларды бөгде қоспалардан тазартатын (қ. Рафинациялау), сондай-ақ қыздыру арқылы қажетті құрылымы бар металл алатын саласы. Э-ға гальванотехника да жатады. Э-да электртермиялық тәсіл (электр құбылыстарының жылулық әсерін пайдалануға негізделген) және электрхимиялық тәсіл (электролиз құбылысын пайдалануға негізделген) деп аталатын 2 тәсіл қолданылады. Қара металлургияда көбіне электртерм. тәсіл, ал түсті металлургияда электртерм. және электрхим. тәсілдер қатар пайдаланылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}