Эксекий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эксекий — қара пішін стилінің аса ірі шебері, аттикалық көзеші әрі құмыра өрнекшісі; б. э. бұрынғы 550—520 жж. шамасында Афиныда жұмыс істеген. Оның құмыралары келісті керемет пропорциясымен, тап-тұйнақтай сыр-сымбатымен, сәндік өрнегінің ыдыс пішініне ғажайып үндестігімен көзге түседі. Эксекий композициялары айқын үйлесімі, байыпты ырғағы, асқан суреттік кемелдігімен назар аударады. Шебер қолы қойылған көптеген туындылар сақталған. Олардың ең танымалы: «Арыстанмен айқасқан Геракл» (Берлин), «Герионмен айқасқан Геракл» (Лувр), «Амазонкалармен айқас. Нөкерлерімен көрінген Дионис» және «Пентесилеямен айқасқан Ахилл. Негрмен тұрған Мемнон» (екеуі де Британия музейінде), «Асық ойнап жатқан Ахилл мен Аякс» (Ватикан), «Ахилл мүрдесі қасындағы Аякс» (Мюнхен) амфоралары, «Қайықтағы Дионис» (Мюнхен) килигі және басқа қумыралары.<ref>Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}