Ысты (бекініс)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЫСТЫ – ортағасырлық бекініс. Тұрар Рысқұлов ауданы, Сөгеті ауданының аум-нда орналасқан. Алғаш рет 1936 жылы КСРО ҒА Қазақстан филиалы мен материалдық мәдениет тарихы ин-ты жасақтаған Жетісу археол. экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің археол. экспедициясы (жетек. А.П. Попов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жобасы шаршылы келген, жан-жағы 70 м, екі бөліктен (қабаттан) тұратын, биікт. 1 м төбе. Үстінен жинастырылған материалдар: шарықта жасалған, ақ ангобпен көмкерілген қыш ыдыстар сынықтары. Сондай-ақ, көл. 40×40×7 см күйдірілген кірпіш табылған. Алынған материалдарға қарағанда Ысты бекінісін тұрғындары 8 – 12 ғасырларда мекендеген.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}