Шығыс бөлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шығыс БөлікКіші жүздегі хандық билік жойылғаннан кейін (1824) құрылған әкімшілік аймақ. Құрамына Кіші жүздің, негізінен әлімұлы тайпасының рулары мекендеген жерлер мен Сырдарияның төмендегі саласындағы қазақ рулары кірді. Шығыс Бөліктің Орта жүзбен шекарасындағы аудандарда арғын, қыпшақ, керей руларының ауылдары көшіп қонды. 1831 ж. Кіші жүзді басқарудың дистанциялық (бекінісаралық) жүйесі енгізіліп, жаңа тәртіп бойынша рубасылардың құқықтары елеулі түрде тежелді. Шығыс Бөлікте мұндай дистанциялардың саны 28-ге жетті. Шығыс Бөліктің патша үкіметі тағайындаған алғашқы сұлтан-правителі Жұма Құдаймендиев болды (1824 – 30). Кейіннен Шығыс Бөлікті Жантөре Жиїангеров (1830 – 35), Шотай Бақтыгереев (1835 – 41), Ахмет Жантөрин (1841 – 51), М.Жантөрин (1851 – 69) сұлтандар басқарды. Шығыс Бөлік сұлтан-әкімдерінің ордасы Усть-Үй стансасында орналасты. Шығыс Бөлікті 1843 жылғы санақ бойынша 18 мың адам мекендеген.

Пайдаланатын әдебиет

  • Зиманов С.З., Политический строй Казахстана конца XVІІІ и первой половины XІX веков, Алма-Ата, 1960;
  • Мәшімбаев С., Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, Алматы, 1994.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}