Шмидт Мұсаұлы Айталиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шмидт Мұсаұлы Айталиев (28.1.1935, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы – 22.6.2007, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1974), профессор (1980), ҚР Ғылымдар Академиясының академигі (1994). ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995).

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-ды (1957, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
  • 1957–60 жылдары Орал педогогика институтының ассистенті
  • 1960–76 жылдары және 1987–91 жылдары Қазақстан Ғылымдар Академиясының Математика және механика институтының ғылыми қызметкері.
  • 1976–86 жылдары Сейсмология институты мен Механика және машинатану институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болды.
  • 1992–97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академик-хатшысы қызметін атқарды.
  • 1997 жылдан ҚР Ғылымдар Академиясының физика-математика бөлімшесінің төрағасы.

Ғылыми жұмысы

  • «Напряженное состояние произвольно ориентированных горизонтальных выработок в слоистой толще» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
  • Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамик. кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген.
  • Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9–10 балдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтады.
  • Сондай-ақ терең мұнай-газ оқпанын бұрғылау динамикасының, көліктік құрылыс механикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді. Айталиев республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Шығармалары

  • Конструирование и расчет набрызг-бетонной крепи, М., 1971 (соавт.);
  • Сейсмонапряженное состояние подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1980 (соавт.);
  • Оптимальное проектирование протяженных подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1986;
  • Динамика тоннелей и подземных трубопроводов, А.-А., 1989.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама