Шейхышылық
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шейхышылық
Шейхышылық— 1. Батыс Хорасанда (Иран) 14 ғасырдың 30 — 80-жылдары аралығында болған шииттердің сопылық бауырластығы. Оның негізін салушы мазандарандық дәруіш шейх Халифа кезінде Балу-и Амоли шейхтың мүриді болған, бірақ оның көзқарастарымен келіспей, ұстазынан қол үзгесін, Хорасанның Бейхак аймағының ортасындағы Сабзауардың үлкен мешітіне орналасып, “бүлікшіл уағыздар” айта бастады. Бейхак тұрғындарының басым көпшілігі ұстанатын шиитшілдік шейх Халифаның уағыздары үшін қолайлы орта болып, көп ұзамай оның көптеген мүриттері болды. Сүннит факихтері Шейхышылық көсемін дінбұзарлығы үшін айыптап пәтуа жазды. 2. 14 ғасырда Иранда кең тараған шииттік діндарлар мектебі. Оның негізін қалаушы Ахмед бен Зайн әд-Дин әл-Ахсай шейх (1753 — 1826) Арабияда туған, сонда діни білім алған. Иездте қоныстанып дін ілімінен дәріс берді. Кейіннен имамшыл діндарлар тарапынан қарсылыққа ұшырап, айыпталды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шейхышылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}