Шаңырақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:39, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Shanyraq.jpg
Киіз үй төбесіндегі шаңырақ
Сурет:Шаңырақ. 3D.png
Киіз үйдің қарапайым шаңырағы.

Шаңырақ

Шаңырақ, түндүк, тооно (башқ. сағыраҡ, қаз. шаңырақ, қырғ. түндүк, бур., моңғол. тооно) - киіз үй күмбезін кереге көзді крестімен дөңгелек ішінде қоршалана аяқталған конструктивті элемент. Күмбездің бүйір элементтерін - уықтарын ұстап тұруы үшін , ойықтан күн жарығының сәулесі пайда болуы үшін және ошақ түтіннің сыртқа шығуына орай арналады.


Шаңырақ- киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі. «Ортада темір пеш, тұрбасы шаңырақтан асып шығып жатыр» (Ғ. Сланов, Замана.).<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Шаңырақ. Қара шаңырақ. Дәстүр.

Қазақ халқы “шаңырақ” деген сөзге көптеген ұғымдарды сыйғызады. Мысалы “Пәленшекемнiң ұрпағы пәлен шаңыраққа жетiптi” деп, бiр ауылдың, не бiр рудың есiмiн жобалап отыратын болған. Шаңырақ киiз үйдiң күмбездiк, жартышарлық ұлттық, көркемдік қасиетiн сақтап тұрады. Үйге жарық түсiрiп, үйге жағылған от түтiнiн ауаға шығуын қамтамасыз етедi. Жалпы “Қара шаңырақ” атауы сол киiз үйге деген ежелгiлiк, ескiлiк көз қарас тудыруымен қатар, қасиеттiлiк күш-қуат та бере алатын сөз. Ол сөз сол үй иелерiнiң тамырларының терең, ру басы бабалар тарихымен астасып жатқандығының жҽне олардың ата дәстүрiн жалғастырып келе жатқан адамдар екенiнiң белгiсi, дәлелi секiлдi болып тұрады. “Қара шаңырық” атауы бар үй сол рудың және сол румен қарым-қатынастағы басқалардың да құрмет тұтары, тағзым етерi болып саналады. Қара шаңырақ иесi көп жағдайда аты аталып, марапатталып жатады. Шетте жүрген, қонысы басқа сол қара шаңырақ ұрпақтары мен жек-жаттары қара шаңыраққа сәлем бере келiп, арнайы сыбағалар әкеледi. Жасы үлкендерi еншiлерiн алып бөлек үй болып кеткенде әкенiң кенжесi (сүткенжесi) әке қолында қарашаңырақ иесi боп қалады. Ата-ананы күтiп-бағу кенже баланың мiндетi. Бұл үй еншi алып кеткендерге үлкен үй боп есетеледi.<ref>Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0</ref>

Құрылысы

Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

  1. Тоғын - шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
  2. Күлдіреуіш - Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
  3. Беріктік - Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.
  4. Шаңырақтың көзі - Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>